Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы ТЖД-де 260-тан астам бос қызмет орны...

Алматы қаласы ТЖД-де 260-тан астам бос қызмет орны бар 

Әлеумет 09.02.2022, 07:26 1,514
Алматы қаласы ТЖД-де 260-тан астам бос қызмет орны бар 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының штаты биыл ұлғайтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ТЖД кадр саясаты басқармасының басшысы Сәуле Шакалова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикердің айтуынша, штат кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ұлғайтылған. Алматыда қатардағы және кіші басшы құрамның, атап айтқанда, өрт сөндірушілердің, жүргізушілер мен телефонистердің қосымша 262 бос орны пайда болды. 


Сәуле Шакалова ізденушілердің азаматтық қорғау жүйесіне қызметке қалай орналасуға болатынын айтып берді. Қызметке орта білімі бар, жасы 35-тен аспаған барлық кәмелетке толған қазақстандықтар тұра алады. Жұмысқа орналасу үшін кандидаттың кәсіпкерлік қызметпен айналыспауы және қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы маңызды. 



«Барлық кандидаттар денсаулық жағдайы, жеке және іскерлік қасиеттері, заңнаманы білуі, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтеді», - деді ТЖД кадр саясаты басқармасының басшысы. 



Өрт сөндіру қызметінің болашақ сарбаздарын алғаш оқыту Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының оқу орталығы базасында өтеді. Өрт сөндірушілер күнтізбе бойынша 35 күн, жүргізушілер 14 күн, қалған үміткерлер апта бойына оқиды. Дайындық кезеңінде тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі, тағылымдама кезеңіндегі жалақы шамамен 100 000 теңгені құрайды. 


Сәуле Шакалова әйелдердің де ТЖД-не, мысалы, радиотелефонист болып орналаса алатынын айтты. 


Спикер елімізде офицерлер кадрларын дайындайтын жоғары оқу орны – Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы бар екенін айтты. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. 



Курсанттар тегін киім-кешекпен,тамақпен, стипендиямен қамтамасыз етіледі. Академияны тәмамдаған соң, оларға «азаматтық қорғаныс лейтенанты» атағы беріліп, жұмысқа міндетті түрде орналастырылады. Кандидаттарды іріктеу жыл сайын ТЖД қаңтар мен мамыр айында жүргізіледі», - деп хабарлады С. Шакалова.



Егер сіз Азаматтық қорғаныс органдарында қызмет еткіңіз келсе, онда ТЖД-нің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» кадр саясаты бөліміне хабарласыңыз. Оның мекенжайы: Қонаев көшесі, 132 немесе 261-28-92 телефон нөміріне хабарласыңыз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #төтенше #жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика