AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажетті...

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Әлеумет 30.03.2026, 11:58 456
Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Алматыда мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Болат Ибрагимұлы ерекше қажеттіліктері бар 18 жастан асқан азаматтарға, соның ішінде зияткерлік дамуында ерекшеліктері мен кідірістері бар адамдарға және олардың ата-аналарына қолдау көрсететін «ASHYQ SANA» қоғамдық қорына көмек көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«ASHYQ SANA» қоры күндізгі стационар форматында жұмыс істейді және қатысушыларды кешенді түрде қолдауды жүзеге асырады. Қор қызметінің негізгі бағыттары – денсаулықты қалпына келтіру және қолдау, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту, әлеуметтік бейімдеу, сондай-ақ ата-аналарға қолдау көрсету. Әрбір қатысушы үшін оның жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жеке бағдарлама әзірленеді.

Қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында асхана және тұрмыстық құрал-жабдықтарға қажеттілік туындаған. Осыған байланысты Болат Ибрагимұлы қажетті ас үй және асхана жабдықтарын, ыдыс-аяқтар мен өзге де керек-жарақтарды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, сабақтарға арналған кеңсе жабдықтары сияқты материалдар да берілді.

Көрсетілген қолдау ерекше қажеттіліктері бар жандардың күндізгі жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріп, олардың ата-аналарына қосымша демеу болады. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар инклюзивті ортаны дамытуға және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға оң ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:15

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 17:15

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Бүгін 16:57

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға қатысқан шетелдіктер саны рекордтық көрсеткішті құрады

Бүгін 16:48

Алматы хайуанаттар бағында маралдардың екі төлі дүниеге келді

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);