ffin.kz

Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды: almaty-akshamy.kz

  1. «№ 114 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Коунрадская көшесі, 12А. Тел.: 268-71-17, 268-70-22, 268-70-15, 240-15-69.

  2. «№ 150 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Шапағат ы/а, Биянху көшесі, 87. Тел.: 245-59-10, 245-02-12.

  3. «№ 166 лицей» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Горняцкая көшесі, 5. Тел.: 301-78-71.

  4. «№ 196 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Рахат ы/а, Байжанов көшесі, 1. Тел.: 393-55-31, 393-60-57.

  5. «№ 5 мектеп-гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: 9 ы/а, 16 (Шаляпин көшесі мен Саин көшесінің қиылысы). Тел.: 303-85-45, 303-84-60, 303-82-53.

  6. «№ 202 мектеп-гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Мамыр-1 ы/а, 29-18. Тел.: 236-76-11.

  7. «№ 45 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Орбита-3 ы/а, 55. Тел.: 242-54-58, 249-90-44.

  8. «№ 60 гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Орбита-1 ы/а, 41. Тел.: 265-48-87, 265-43-88, 264-44-06.

  9. «№ 70 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Қазақфильм ы/а, 15А. Тел.: 299-24-02, 299-25-95, 269-67-59.

  10. «Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Панфилов көшесі, 205. Тел.: 248-30-40, 248-46-60.

  11. «әл-Фараби атындағы № 145 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Орбита-3 ы/а., 5 Г. Тел.: 249-90-46, 249-90-47, 249-90-45.

  12. «№ 80 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Победа көшесі, 26. Тел.: 290-74-92, 232-79-14, 234-86-32.

  13. «№ 193 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Кемел ы/а, Жар-Жар көшесі, 54. Тел.: 260-34-23.

  14. «№ 195 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекенжайы: Әлмерек ы/а, Наурызбай батыр көшесі, 72. Тел.: 228-00-71, 224-44-91.


 


Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).


Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.


Педагогикалық кеңесті басқарады.


Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.


Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.


Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.


Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.


Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.


Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.


Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.


Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.


Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.


Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.


Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.


Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.


Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.


Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.


Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.


Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.


Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.


Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.


Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.


Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.


Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.


Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.


Директордың лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 101.403 теңгеден 122.994 теңгеге дейін.


Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде өткізіледі (әрі қарай – Қағида) (Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 ж №213).


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы білім басқармасының edualmaty.kz. сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


Конкурсты өткізу мерзімі жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.


Конкурс онлайн режимде Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында өткізіледі.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет) не 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы білім басқармасы.


«Алматы қаласы білім басқармасы» КММ не Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) лауазымға орналастыру үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:


1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;


2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);


3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;


4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;


5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;


6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;


7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);


8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;


9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;


10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;


11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);


12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);


13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;


14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.


3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.


Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.


«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.


Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: 8(727)2622751, 8(727)2716627; факс: 8(727)2716509. Элекрондық адрес: u.edu@almaty.gov.kz.


 


Білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:



  • конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

  • конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

  • заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

  • кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;

  • білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.


Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.


Тестілеуден өту кезінде кандидат 120 сұраққа жауап беруі қажет:


нормативтік құқықтық актілер бойынша – 100 сұрақ;


педагогика және психология негіздері бойынша – 20 сұрақ.


Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.


Тестілеу 2021 жылы 29 қыркүйекте өткізіледі.


Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы білім басқармасының сайтында жарияланады.


Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.


Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04