«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
1. Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Дөнентаев көшесі, 32/1 үй.
Қызмет түрі: Қарт азаматтар мен мүгедектердің тұруын қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету
2. Алматы қаласы Білім басқармасының «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, Жетысу-2 ы.а., 79 үй.
Қызмет түрі: Тұруды қамтамасыз ете отырып, басқа да әлеуметтік қызметтерді ұсыну.
3. Алматы қаласы Білім басқармасының «Арнаулы білім беру ұйымы» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, 1 ы.а., 68 Б үй.
Қызмет түрі: Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтік-оңалту.
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 202 808 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
· жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі және (немесе) білім беру ұйымдарының басшысы немесе басшының орынбасары лауазымындағы өтілі – кемінде екі жыл;
· немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.;
· осы тармақтың 2, 3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Лауазымдық міндеттері:
· білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады;
· білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады;
· білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
· ұйым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
· кәсіптік–еңбек, оқу–танымдық, дене шынықтыру–сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
· тәрбиеленушінің жеке басының ақыл-ой, эмоционалды және дене бітімінің дамуына, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту, азаматтылық пен патриотизмге, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау жолымен зияткерлікті байытуға ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайларына жақындатылған жағдайларды қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік көмекке және қолдауға мұқтаж балалардың білім беру бағдарламаларын - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білуге;
· ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде жағдай жасайды;
· ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
o тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
· заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады;
· оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
· оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
· мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
· кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасына одан әрі бейімдеуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді;
· асырап алушы ата-аналарды даярлау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
· оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
· кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде жеке психологиялық консультация беруді ұйымдастыру арқылы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді;
· білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болады;
· тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды;
· отбасына реинтеграция (биологиялық отбасымен біріктіру) мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.;
· тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;
· заңнамада белгіленген шектерде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына билік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
· нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді;
· педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;
· компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
· педагогикалық кеңесті басқарады;
· белгіленген тәртіппен аттестаттауды және педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімін жүргізеді;
· кәсіби жетістіктері бар педагогтерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
· қоғаммен байланысты жүзеге асырады;
· мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
· тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
· Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
· педагогика және психология негіздері;
· педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
· педагогикалық этиканың нормалары;
· менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
· еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: конкурс «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А мекенжайында өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok90mail.ru.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
Басқарушылық құзыреттерді, жеке психологиялық бейінді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуді өткізу күні, уақыты және орны қосымша хабарланатын болады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.
Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77718463932. Элекрондық адрес: service.ok90mail.ru.
|
Мемлекеттік білім беру |
Нысан
|
____________________________ |
________________________________________________________________________________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос лауазымына/уақытша
(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)
бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта___________________________________________________________________
________________________________________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.
Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.
Тыйым салынған заттар:
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);
- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);
- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;
- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.
Келісемін ________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "____" ______________ ____________________
/қолы /