ffin.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданында «ҮЕҰ Ашық есік күні» өтті 

Алматы қаласы Әуезов ауданында «ҮЕҰ Ашық есік күні» өтті  almaty-akshamy.kz

Іс-шараны Қоғамдық даму басқармасының «Civil Center Almaty»  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын іске асыру аясында «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ өткізді.

Аталған жоба үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің тиімді өзара іс-қимылын дамыту, ынтымақтастығын кеңейту мақсатын көздейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Басқосуға жергілікті атқарушы, білім беру мен құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысты. «Ашық есік күні» – бұл ҮЕҰ-ға қоғаммен байланыс орнату, оны тереңдету, мақсатты топқа (халық) үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөнінде хабардар ету мен олардың маңызды жұмысын қолдауға тамаша мүмкіндік. Жетекші қоғамдық қорлардың спикерлері қор  қызметінің ұйымдастырылуы, әлеуметтік мәселені шешу жолын әңгімеледі.
Жиында осы мәселелерге байланысты қаламыздағы көптеген қоғамдық қордың нендей шаруамен  айналысатыны нақтылы айтылып, көрсетілді. Бұл күні адамдарға қорлардың жұмысын іштен көруге мүмкіндік берілді. Әрбір қормен міндетті түрде танысып, қаламыздың тыныс-тіршілігін жақсарту орайында бірлескен әрі пайдалы тәжірибе жинақтау үшін өзара байланыс орнату қажет. Алматылық коммерциялық емес ұйымдар өз кезегінде ауданның жергілікті мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен жақынырақ танысып,  білісті, кеңес алды. 

«Бүгінгі Әуезов ауданы Комьюнити орталығы алаңындағы ҮЕҰ ұйымдастырған «Ашық есік күніндегі» біздің міндет – жергілікті атқарушы билік органдарына, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне әлеуметтік  маңызды мәселелерді шешуде ҮЕҰ көрсететін қызмет көрсетулерді түсіндіру. Біз бүгін «Бақытты отбасы», «Белсенді өмір сүру», «Наркостоп», «Экологиялық тәрбие», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Әйелдер мен балаларды зорлықтан қорғау құқығы» мен лудомания жөніндегі мәселелерді, түрмеден босатылған әйелдердің әлеуметтік мәселесін, өкпе дерті секілді әлеуметттік  сырқаттың жай-күйін қарастырып, талқылап, оларды заңдылықпен шешу жолдарын түсіндірдік. Айта кетеріміз, үкіметтік ұйым тарапынан көрсетілетін осы қызметтің бәрі тегін түрде көрсетіледі. Мақсат – халықпен бірге жұмыс істейтін жергілікті билік пен құқық қорғау  органдары қызметкерлерінің осы мемлекеттік тегін қызмет көрсетулерді үнемі жұрт жадына салып, көбірек айтып түсіндіру қажеттігі. Әлбетте, олай болмағандықтан, көп ретте өмірдің қиын жағдайына душар болған тұрғындар ҮЕҰ-ден көмек сұрап жатады. Мұндайда жергілікті билік пен құқық қорғау органдарымен бірлесе келе, маңызды мәселені неғұрлым тиімді шешуге ұмтыламыз, – дейді «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ жетекшісі Алтынай Көбеева.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:54

19:06

18:48

18:05

17:55

17:50

17:40

17:22

17:10

17:04

16:46

16:38

16:18

15:51

15:23

14:55

14:45

14:18

14:11

13:38

13:12

12:58

12:49

12:41

12:17