AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Әлеумет 01.07.2024, 13:16 671
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, Болашақ бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін алған, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (Phd) ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2018 жылы Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы болды. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2019 жылдың наурыз-қазан аралығында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тағайындау #әкім #Азамат Қалдыбеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті

Бүгін 12:20

Қазақстандық джитсер Азия жағажай ойындарының чемпионы атанды

Бүгін 11:33

Алматылық оқушылар ІІ Таланттар саммитінде ғылыми жобаларын таныстырды

Бүгін 11:08

Түркістан облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бүгін 10:27

«Тұран» университетінде XV Turan Model United Nations 2026 конференциясы басталды

Бүгін 09:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика