Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы қару-жарақ сататын дүкендерді тек...

Алматы полициясы қару-жарақ сататын дүкендерді тексерді

Заң мен тəртіп 06.03.2023, 09:03 1,190
Алматы полициясы қару-жарақ сататын дүкендерді тексерді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық әкімшілік полициясының мәліметінше, 9 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілген.


99 заңды тұлға, оның ішінде 6 мамандандырылған дүкенде сақтау шарттары мен тіркеу ережелерінің сақталуы, қызметтік қару мен оларға арналған патрондардың қайта ресімделуі тексерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Естеріңізге сала кетейік, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қалада 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында жалпыреспубликалық «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету бойынша белгілі бір шаралар қабылданды», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Оның айтуынша, қаруды сақтау шарттары мен тіркеу, қайта тіркеу ережелерін бұзудың 486 дерегі анықталды, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша 482 жеке меншік иесі және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін 358 бірлік тіркелген қару тәркіленді. Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шаралар басталғаннан бері тіркелмеген қару-жарақтың 61 бірлігі, жарылғыш құрылғының бір бірлігі, мылтықтан 670 патрон, тегіс ұңғылы қарудан 143 патрон, травматикалық қарудан 11 патрон, бес бірлік суық қару, 9 граната және 276 электрошокерлер заңсыз айналымнан тәркіленді. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелмеген тегіс ұңғылы, газ-травматикалық және газды атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі бойынша барлығы 27 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 482-бабы бойынша алты әкімшілік іс қозғалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қару #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика