AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы полицейлері Алатау ауданынан 100 келі синте...

Алматы полицейлері Алатау ауданынан 100 келі синтетикалық есірткі тәркіледі

Оқиға 10.01.2023, 06:06 1,365
Алматы полицейлері Алатау ауданынан 100 келі синтетикалық есірткі тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Өндіріс жеке үйлердің бірінде орналасқан.


Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Зертханада 32 жастағы ер адам жұмыс істеген. Ол – «химик», орауыш және көтерме саудамен айналысатын адамның қызметтерін атқарды.



«Жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексерілді және расталды. Бірнеше ай бойы «өндіруші» зертхана жұмысын реттеп, онда синтетикалық мефедрон препаратын жасады. Белгілі болғандай, Б. есімді азамат жұмыс берушінің желідегі онлайн нұсқауларын орындады. Куратор оған қажетті шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, зертханалық жұмыстарды үйретті. Химик-есірткі сатушы қосалқы бөлмесі бар жеке үйді жалға алды: есірткі зертханасын қораға орналастырды, бас ғимаратта өзі тұрды. Күдікті қылмыстық ұсынысқа жомарт еңбекақының арқасында қызығушылық танытқанын айтады», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Есірткі сатушы арнайы іс-шара барысында ұсталды. Есірткі зертханасы жойылды. Тінту кезінде ол жерден прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері табылды.



«Тәркіленген шикізаттың жалпы салмағы 100 келіні құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еске салайық, бұған дейін ЕҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық бизнестің сыбайластарының бірі 33 жастағы С. есімді азаматты ұстаған болатын. Оның көлігінен 85 бума мефедрон және марихуана табылып, тәркіленді. Анықталғандай, синтетикалық есірткіні күдіктінің өзі жасайды. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық құрал-жабдықтар мен 15 келіден астам синтетикалық есірткі табылды және тәркіленді», - деді Аханов.



Сондай-ақ спикер қазіргі уақытта қылмыстық саланың басқа да байланыстарын орнатуға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зертхана #есірткі #Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);