Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы өрт қаупі үлкен маусымда сақтықты күшейтіп...

Алматы өрт қаупі үлкен маусымда сақтықты күшейтіп жатыр

Әлеумет 24.04.2025, 15:39 762
Алматы өрт қаупі үлкен маусымда сақтықты күшейтіп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының ТЖД  2025 жылдың өрт қаупі жоғары көктем-жаз маусымына даярлық барысын баяндады, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялақ қызметінде алдағы өрт шығу қаупі көп маусымға даярлық жұмыстарын пысықтаған пресс-конференция болып өтті. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің ақпаратына қарағанда, былтыр басталған даярлық жұмыстары әлі аяқтала қоймаған.
 
 «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қаулысына сәйкес, Алматы мен Алматы облысының орман алқабында 26 наурыздан бастап өрт шығу қаупі бар маусым басталды. Қазіргі дейін қала аумағында қураған, кепкен өсімдіктерден 120 өрт шыққаны тіркеліпті. Өрт көбіне оқыстан шығады,  кейде қоқыстағы бықсыған шаланың өзінен да өрт шығуы мүмкін», — деп сақтандырды Алматы ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин. 
 
Іле-Алатау ұлттық паркі (20 805 га), «Медеу» табиғи (708,2 га)  паркі мен Баум тоғайы (137,7 га) Алматының аумағында тұр. Сондықтан бұл аймақтарды қалалық қызметтер мен табиғатты қорғау қызметтері  ерекше бақылауға алып отыр. 

Департаменттің, әкімдік пен басқа да құзырлы мекемелердің бастамасымен осы аумақтар құрғақ, кепкен өсімдіктерден тазартылып, тұрғындарды да алдағы масымда сақ болуға шақырды.   

«Қалаға дейін 39,1 шақырымдай жерде алып жатқан минералданған жолақтар, ашық алаңқайлар салып жол жиегіне, 35,2 га жердегі қураған өсімдіктер шауып тастадық», — деді К. Канин. 

Бұдан бөлек, қаланың таулы жағы мен орманды жерлерін қарауылдайтын арнаулы жасақтар да құрылған. Күн сайын осындай 13 қызметкер мен 2 техника жолға шығады. Керек боп жатса, жеке құрамдағы 100 адам тағы көмекке келуге даяр тұр. Мамандардың қолында өрт сөндіретін құрылғылар мен өртті өшіретін күректен бастап, керек-жарақтың бәрі бар.  

Онымен бірге, Алматыны өрттен барынша сақтандыру үшін 20 өрт сөндіру бөлімшесі де осы жұмысқа тартылған.  

Жағдайды бақылауда ұстау үшін аумақты шарлап жүретін тепловизоры бар дрондар мен дауыс күшейткіштермен де қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Медеу паркінде өртті дер кезінде анықтайтын оптикалық-сенсорлы камералармен  бақылау жасайтын жүйе де жұмыс істейді. 

Сөзінің соңына қарай, ТЖД өкілі тұрғындарды сақ болып, таулы-орманды жерлерде барынша қырағы болуға шақырды.

«Қоқыс тастамаса, сіріңке жақпаса, көрінген жерге отыра қалып от жақпаса дейміз азаматтар. Өрт кез келген сәтте лап ете қалуы мүмкін. Содықтан барынша сақ болу – бәріміздің міндетіміз» , — деп аяқтады өз сөзін маман. 

Өрттің алдын алып, сақтандыруды әлі де жалғастыра түспек. Қазір барлық қызмет қандай жағдайға болсын сақадай сай отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Константин Канин #Іле Алатауы #орман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика