AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы онкологиялық орталығында тері обырының алды...

Алматы онкологиялық орталығында тері обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті

Алматы 02.06.2026, 14:46 417
Алматы онкологиялық орталығында тері обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті

Алматы онкологиялық орталығында тері обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы онкологиялық орталығында меланома, тері обыры және қалқанша безі ауруларының алдын алу мен ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Іс-шара аясында 179 адам дәрігер-онкологтар кеңес берді. Сонымен қатар бірқатар науқасқа қалқанша безі мен жұмсақ тіндердің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілді.

«Тексеру қорытындысы бойынша бес науқастан тері обырына күдік анықталды. Қазіргі уақытта олар диагнозды нақтылау және әрі қарай емдеу тактикасын айқындау үшін қосымша тексеруден өтіп жатыр», – деді Алматы онкологиялық орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Ақбота Әділова.

Мамандардың айтуынша, онкологиялық ауруларды ерте анықтау – емнің тиімді болуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Скринингтік бағдарламалар мен диагностикалық көмектің қолжетімділігін арттырудың арқасында Алматыда қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткіші жақсарып келеді.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыда алғаш рет онкологиялық диагноз қойылған 1962 науқас тіркелген. Дәрігерлер мұны халықтың профилактикалық тексерулерге жиі қатысуымен және диагностика сапасының артуымен байланыстырады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұндай алдын алу шаралары тұрғындардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);