AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының азық-түлік тауар өндірушілері Алм...

Алматы облысының азық-түлік тауар өндірушілері Алматыда жәрмеңке өткізді

Әлеумет 28.11.2021, 07:14 1,251 Almaty-akshamy
Алматы облысының азық-түлік тауар өндірушілері Алматыда жәрмеңке өткізді
Cурет: Алматы облысы әкімдігі

Жәрмеңкеде 455 тонна көлемінде ауылшаруашылық өнімі ұсынылды


Алматы қаласындағы «Астана» алаңында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Онда өңірдің 17 ауданы мен 3 қаласынан жеткізілген азық-түлік саудаланды. Жәрмеңкеде жалпы құны 174,8 миллион теңге болатын 455 тонна көлемінде ауылшаруашылық өнімі ұсынылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Қалалықтар үшін 36,0 тонна ет, 21,0 тонна сүт өнімдері, 114,7 тонна көкөніс пен 38,0 тонна жеміс-жидек, 15,8 тонна балық, 38 тонна картоп және басқа да тауарлар саудаға шығарылды. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы қала базарынан 10-15 пайызға арзан бағада қойылды.



«Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында тұрамын. 8 гектар алма бағым бар. Жыл сайын өтетін дәстүрлі жәрмеңкені сағынып қалыппыз. Саудамыз ойдағыдай жүруде», - дейді жәрмеңкеге арнайы келген кәсіпкер Тайыр Қалдаяқов.



Сондай-ақ, сауда сөрелерінде Текелі сүт зауытының өнімдеріне, Ескелді ауданының балына, Еңбекшіқазақ ауданының алмасына, Нарынқолдың картобына, Бақанастың күрішіне, Көксу мен Ақсудың ет өнімдеріне, басқа да табиғи таза өнімдерге деген сұраныс өте жоғары болды. 


Жәрмеңкенің өту барысын облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев бастаған жұмыс тобы қадағалап, сауданың қалай жүріп жатқанын көріп, ауылдан келген шаруа қожалықтарының жетекшілерімен пікірлесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #жәрмеңке #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);