конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы онкологиялық қызмет: ерте диагн...

Алматы облысындағы онкологиялық қызмет: ерте диагностика, заманауи ем және жаңа мүмкіндіктер

Әлеумет Бүгін 14:28 54
Алматы облысындағы онкологиялық қызмет: ерте диагностика, заманауи ем және жаңа мүмкіндіктер

Қазіргі таңда Алматы облысында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған үш скринингтік бағдарлама жүзеге асырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау және заманауи емдеу мүмкіндіктеріне арналған көшпелі баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара аясында өкпе обырының алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындарға мамандардың кеңесі мен қажетті медициналық тексерулерден өту мүмкіндігі берілді.

Қазіргі таңда Алматы облысында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған үш скринингтік бағдарлама жүзеге асырылады. Олар – жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек обырын анықтау скринингтері. Барлық тексерулер тегін жүргізіледі және алғашқы тесттен бастап, көрсеткіш бойынша тереңдетілген диагностика мен морфологиялық зерттеуге дейінгі медициналық көмекті қамтиды.

2027 жылдың алғашқы жеті айында облыста онкологиялық скринингпен 178 464 адам қамтылды. Оның ішінде жатыр мойны обыры бойынша – 46 820, сүт безі обыры бойынша – 59 724, тоқ ішек обыры бойынша 71 920 ер және әйел азамат тексерілді. Нәтижесінде жатыр мойны обырының 20, сүт безі обырының 64 және колоректалдық обырдың 13 жағдайы анықталды. Анықталған жағдайлардың 40 пайыздан астамы бірінші сатыда тіркелген. Сонымен қатар, обыр алды жағдайлар мен басқа да созылмалы аурулар анықталып, пациенттер әрі қарай емделуге және динамикалық бақылауға жіберілді.

«Онкологиялық ауруларды емдеуде ең маңызды факторлардың бірі – уақыт. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емнің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан скринингке қатысу, алғашқы белгілерге мән беру және профилактикалық тексеруден уақытылы өту – онкологиялық аурулардан болатын асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудің негізгі жолдарының бірі. Біздің міндетіміз – заманауи диагностика мен емдеу әдістерін өңір тұрғындарына қолжетімді етіп, медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыру», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы директорының орынбасары Бауыржан Аджибаев.

Клиникада онкологиялық көмекті жетілдіру диагностикадан бастап хирургиялық, дәрілік және сәулелік емге дейінгі кешенді тәсілге негізделген. Медициналық ұйымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хирургия кафедрасы, сондай-ақ онкология, урология, маммология және химиотерапия бағыттары бойынша оқу базалары жұмыс істейді. Бұл мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи клиникалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Онкогинекология саласында лапароскопиялық хирургия, гистероскопия, ICG технологиясы арқылы лимфа түйіндерінің картографиясы және көрсеткіш бойынша сентинелдік лимфа түйіндерін анықтау әдістері қолданылуда. Эндометрий обыры кезінде молекулалық диагностика жүргізіліп, MMR және p53 маркерлері зерттеледі. Бұл ісіктің ерекшелігін нақты бағалап, пациентке жеке емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.

Сүт безі обыры бойынша да ерте диагностикаға ерекше мән берілуде. Клиника мамандары скринингтің маңыздылығы тек ауруды анықтаумен шектелмейтінін, оның бастапқы кезеңде емді уақытылы бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сүт безі обыры ерте анықталған жағдайда емдеу нәтижесі айтарлықтай жоғары болады. Сондықтан әйелдердің скринингке уақытылы қатысуы өте маңызды. Кез келген күмәнді өзгеріс анықталған жағдайда пациентті қосымша тексеруге бағыттап, диагнозды нақтылау қажет», – деді онкомаммолог Дәулет Айдаров.

2025 жылғы көрсеткіштер де онкологиялық қызметті одан әрі дамыту қажеттігін көрсетеді. Жатыр мойны, жатыр денесі және аналық без обыры бойынша жаңа жағдайлар саны 240-тан 252-ге дейін өскен. Осы үш нозология бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер саны 2177-ден 2307 адамға артқан.

Алдағы кезеңде онкологиялық ауруларды ерте анықтауды күшейту, молекулалық диагностиканы кеңейту, аз инвазивті хирургияны дамыту, заманауи дәрілік емдеу әдістерін енгізу және медициналық кадрлардың практикалық біліктілігін арттыру басты бағыттардың бірі болмақ.

Сонымен қатар, өкпе обырының скринингін келесі жылдан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл бағыттың маңызы жоғары, өйткені өкпе обыры онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында бірінші орында тұр.

Алматы облысының онкологиялық қызметі үшін негізгі мақсат – ауруды мүмкіндігінше ерте анықтап, заманауи технологиялар мен мамандардың тәжірибесін біріктіре отырып, әр пациентке сапалы әрі жекелендірілген медициналық көмек көрсету.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының кей аудандарында 4 күн жарық болмайды

Бүгін 15:19

Ұлттық спорттан халықаралық жарыстарға дейін: Алматыда Спорт күні қалай аталып өтті

Бүгін 14:51

Қазақстанда ауқымды заманауи көшпенділер фестивалі өтеді

Бүгін 14:36

Қазақстанда IT саласында тегін оқуға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 14:09

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);