Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында мектептер оқу жылына дайын ба?

Алматы облысында мектептер оқу жылына дайын ба?

Әлеумет 14.08.2021, 14:35 1,641
Алматы облысында мектептер оқу жылына дайын ба?
сурет: Otyrar.kz

Дәл қазір облыста 19 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның 9-ы биылғы оқу жылына үлгермейді.


Алматы облысында жөндеу жұмыстары бітпеген мектептердің оқушылары әкімдік, мәдениет үйінде оқиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Биылғы жаңа оқу жылында ашылмайтын мектептердің бірі - Талдықорған қаласындағы Островский атындағы мектеп. Бұл білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстар маусым айында ғана басталған. Мектептің төрт қабырғасы түгелдей қырылып, қызыл кірпіш күйінде тұр. Едендерін де түгел алып тастаған. Білім басқармасының айтуынша, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Сондықтан аталған мектепте оқып жүрген 1149 бала күзде қаланың әр жеріне сабылып, білім алуға мәжбүр. Кейбірі тіпті колледж ғимаратында оқитын болады.


«Бізде Талдықорған гуманитарлық колледж бар. Яғни, мектепалды даярлық топтары және бірінші сынып оқушылары сол гуманитарлық-техникалық колледжде білім алады. Сол жерден кабинеттер бөліп отыр. 9 мектепте күрделі жөндеу кеш басталуы және оған қаржының кеш бөлінуі жағдайды қиындатты. Сондықтан оқушыларға қолайлы жағдай жасалып, мектеп біткенге дейін қай ғимаратта оқыса, сол жерге жиһаздар қойылып, оқу процессі үздіксіз өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова.


Сондай-ақ Ақсу ауданының Сағабүйен ауылындағы Тоқтаров атындағы мектепке де күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылында бұл мектептің 172 оқушысы ауылдық әкімдіктің ғимаратында білім алатын болады. Ал, Панфилов ауданының Сарыбел ауылындағы Кобикова атындағы мектептің 286 оқушысы осы ауылдың мәдениет үйінде барып білім алады. Сондай-ақ Райымбек ауданының Тұзкөл ауылындағы Мұсақұлов атындағы мектептің 87 оқушысы осы ауылдың әкімшілік ғимаратында білім алады. Ал Талғар қаласындағы N3 мектептің 1945 оқушысы Қонаев атындағы колледжге және Евразиялық университетке барып оқиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаңа оқу жылы #мектеп #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі