AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында жыл басынан бері 400-ге жуық адам...

Алматы облысында жыл басынан бері 400-ге жуық адам интернет-алаяқтардың құрбанына айналған

Заң мен тəртіп 17.05.2024, 17:12 893
Алматы облысында жыл басынан бері 400-ге жуық адам интернет-алаяқтардың құрбанына айналған
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында тәртіп сақшылары “Аnti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында  халық арасында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған  түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Полицейлер халыққа алаяқтардың азаматтардың ақшасы мен мүлкін ұрлау әдістері туралы түсіндірді. Тәртіп сақшылары ақпараттық буклеттер мен кітапшаларды тарату түріндегі дәстүрлі әдістермен шектелмей, дін саласының қызметкерін де тартты.

"Интернет-алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері түсетіні бәріне мәлім. Сондықтан біз діни қызметкерлерді тартуды шештік. Бұл жалпы азаматтар арасында ғана емес, қарттар арасында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кенесханұлы.  

“Anti-fraud” іс-шарасы барлық полиция бөліністерін тарта отырып, өңір аумағында өтті. Алматы облысындағы соңғы мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері интернет-алаяқтардың әрекетінен 400-ге жуық адам зардап шекті. 

 “Anti-fraud” іс-шараның негізгі соққы күші “Киберпол” бөлінісінің жедел уәкілдері болып табылады. Олардың табандылығының арқасында интернет-алаяқтықтың бірнеше фактілері ашылды. Іс-шара барысында OLX онлайн-жарнама платформасы арқылы жоқ тауарларды сатумен айналысқан Әзірбайжан Республикасының 28 жастағы азаматы ұсталды. Сонымен қатар, онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтықпен айналысқан әйел адам анықталды. Қазіргі уақытта оның осындай 10 фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді", – деп қосты Н. Кеңесханұлы.

Профилактикалық іс-шараның өту барысында полиция қызметкерлері тағы бірнеше күдіктіні анықтап, ұстай алды. Барлық ұсталғандар басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына мұқият тексеріледі. Жедел профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша полицейлер интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтықтың 17 фактісін ашты, оның ішінде бұрын жасалған 14 қылмыс және контрафактілік өнімді сатудың 3 фактісі ашылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Интернет-алаяқтық #түсіндірме жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әйелдері зейнетке неше жаста шығады?

Бүгін 09:16

Әлемдегі ең әдемі ту

Бүгін 08:49

Жел, тұман: 17 наурыздағы ауа райы мәліметі

Бүгін 08:40

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика