AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы облысында ауа райына байланысты кейбір жол...

Алматы облысында ауа райына байланысты кейбір жол бағыттары жабылды

Өмір-өзен 15.02.2022, 08:48 1,791
Алматы облысында ауа райына байланысты кейбір жол бағыттары жабылды
Сурет: 24.kz.

Құтқарушылар 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.


Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2022 жылдың 15 ақпанда Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нөлдік көріну) облыстық маңызы бар автожол учаскесінде сағат 09:00-ден бастап «Алматы-Өскемен – Қапал-Арасан» 0-45 шақырымында дейін барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ Қапал ауылында 0-16 шақырым жол жабық.



«Ауа райының қолайсыздығына байланысты таңғы сағат 04.00-ден бастап «Сарыөзек-Көктал-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» 0-94 шақырымы жабылып, Аралтөбе, Онжас, Қаспан, Қарымсақ және Майтөбе ауылдарына автокөліктер кіре алмайды. Сондай-ақ, «Қазавтожол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 11 сағат 10 минуттан бастап ауа райына және ШҚО автожолдарының жабылуына байланысты (боран, көрінуді шектеу) жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төнуі, автокөліктің барлық түрлері үшін «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы, 558-615 шақырымдары) қозғалыс жабылды», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.



Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.



Ұзақ жолға шыққан кезде ауа райын тексеріп, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз. Айта кетсек, дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ жылы киім, қажетті құрал-жабдықтар, тамақ пен су. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс.



Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #Қазақстан #Алматы облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);