AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында 800-ден астам көлік тіркеу есебін...

Алматы облысында 800-ден астам көлік тіркеу есебіне заңсыз қойылған

Заң мен тəртіп 28.08.2026, 12:31 259
Алматы облысында 800-ден астам көлік тіркеу есебіне заңсыз қойылған
Сурет: Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сот олардың әрқайсысына қылмыстағы рөлі мен қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мемлекетке төленбеген тіркеу және утиль алымдарының жалпы сомасы 6,6 млрд теңгеден асты.

Тергеу барысында ҚМА-ның Алматы облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың екі жыл бойы белгіленген талаптарды айналып өтіп, автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқанын анықтады.

Алғашқы кезеңде схемаға қатысушылар техникалық регламент талаптарын бұза отырып Қазақстанға әкелінген 642 жүк көлігін заңсыз тіркеген.

– Кейін қылмыстық әрекет жеңіл көліктерге қатысты «қосар көліктерді тірілту» деп аталатын схема бойынша жалғасқан. Заңсыз әкелінген көліктерге Қазақстанда бұрын тіркеліп, кейін есептен шығарылған көліктердің VIN-кодтары берілген. Осы тәсілмен тағы 209 көлік тіркелген. Заңсыз схемаға полиция қызметкерлері, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері және жеке нотариустар қатысқан. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәлімет енгізуді және жалған тұлғаларға сенімхат рәсімдеуді қамтамасыз еткен, делінген ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төленбеген тіркеу алымының сомасы 5,4 млрд теңгені, утиль алымы 1,2 млрд теңгені құрады.

Тергеу барысында көлік иелері алғашқы тіркеу алымдарын өз еркімен төлеп, нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Сонымен қатар сот үкімімен сотталғандардың қылмыстық табысқа сатып алған бес автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бұрынғы төрт полиция қызметкері арнайы атақтарынан айырылды. Қатысы бар нотариустарға сот нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Заң мен тәртіп #көліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Бүгін 16:14

Алматыда Студенттер лигасының жаңа маусымы басталды: 43 жоғары оқу орны, 128 команда және 1500-ден астам қатысушы

Бүгін 16:01

Чемпиондарға – университет гранты

Бүгін 15:58

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды

Бүгін 15:26

VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);