Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін

Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін

Заң мен тəртіп 21.04.2023, 17:32 1,713
Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін
Сурет: Dreamstime.com

Көкөзек ауылында қысымы жоғары газ құбыры өтетіндіктен, 137 үй сүрілмек.


Соның кесірінен 600 адам далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Көкөзек ауылында жаңа салынып жатқан жеке тұрғын үйлер көп. Жаңадан көшіп келгендер бұл жер телімінің қызыл сызыққа енгенін жақында білген. Ал заң бойынша ондай аумаққа құрылыс нысаны болмауы керек.



"Алматы-Байсерке-Талғар газ магистралінің екінші тармағы өтетіндіктен, бүкіл үйді сүрмек. Бұл жерде мүгедек отбасы, жалғызбасты аналар, көп балалы аналар бар. Енді 137 үйде 600-ден аса тұрғын бар, біз қайда барамыз?" – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Жанар Сейітқожаева.



Ал бұл отбасы қазір пәтер жалдап тұрады. Қар еріп, күн жылынса, "үйдің құрылысын бастаймын" деп қазық қағып кетіпті. Құрылыс материалдарын сатып әкеліп, тасын да түсіріп қойған.



"Желтоқсан айында 6 сотық жерді 1,5 миллион теңгеге сатып алғанбыз. Көктемде құрылыс жұмысын бастаймын деп ойлағанмын", – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Мейрамхан Бекшетаева.



Ал ауыл әкімі "тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік" деп сендірді. Оның айтуынша, жоғары қысымды газ құбыры өтетіндіктен, маңайында үй болмауы керек.



"Қарасай ауданы жер қатынастар бөлімі тендер берді. Бағалаушылар осы маңайдағы тұрғын үйдің құнын анықтайды. Соған сәйкес шығын өтеледі. Ал келіспесе, сот арқылы жүзеге асырылады. Келісіп жатқан отбасылар бар, олардың санын қазір нақты айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр", – деді Елтай ауылдық окургінің әкімі Біржан Махатов.



Көпшіліктің айтуынша, қызыл сызыққа үйлерден бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр. Бірақ әкімдік өкілдері мектептің қауіпті аймақтан алыс жатқандығын айтып отыр. Дәрі шығаратын зауыттың да тек қосалқы ғимараты сүрілмек. Ал алаңдаулы ауыл адамдарының тағдыры тендерге қарап тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көкөзек #газ #Жер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика