ffin.kz

Алматы облысында 475 мың тонна азық-түлік қоры бар

Алматы облысында 475 мың тонна азық-түлік қоры бар Сурет: Habarlama.com

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлуі керектігі  айтылды.


Алматы облысының басшылары өңірде 475 мың тонна азық-түлік қоры барын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.



«Жиында Әлихан Смайылов қазіргідей күрделі кезеңде экономиканың өсу қарқынын сақтай отырып, әрі қарай жеделдету аса маңызды міндет екенін, әкімдердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлуі керектігін айтты. Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баяндады. Оның айтуынша, облыс өзін өзі азық-түлік тауарларының 9 түрімен, яғни  сиыр мен қой еті, жұмыртқа, қант, маусымаралық кезеңде пияз, картоп, сәбіз, қырыққабат, қызанақпен 100 пайыз, ұн, қияр, алма, құс еті, сүтпен 90 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Сонымен бірге сары май, өсімдік майы, ірімшік пен сүзбе, шошқа етін өндіруді ұлғайтуға ден қойды», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1,3 мың гектарға ұлғайтылып, 974  мың гектарға жеткізіледі.


Жалпы құны 75 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба іске асырыладыАтап айтқанда, импорт алмастыру міндеті аясында «Прима Құс» компаниясының жылына 36 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы салынуда, инвестиция көлемі  - 34 млрд.теңге.


1 мың гектарға қарқынды бақ өсіруге 33 млрд теңге инвестиция тартылады. Сыйымдылығы 6 мың тонна жеміс сақтау қоймасы салынды. Осы жылы 11,4 мың тонналық тағы 4 осындай нысан іске қосылады. 34 млрд теңгеге жеміс-жидек кластерінің инфрақұрылымы салынуда. Көкөністерді жыл бойы өндіруге көшу шараларының нәтижесінде облыста жылыжай көкөністерін өндіру 35 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Ішкі нарықты алмамен қамту үшін 400 гектарға жаңа жеміс бағы отырғызылады.



«Қайта өңдеу кәсіпорындарын толық қуатында пайдалану үшін 15 бордақылау алаңы мен 3 тауарлы сүт фермасын ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл 1,4 млн тонна астық, 1 миллион тоннадан астам көкөніс, 742 мың тонна картоп жинау жоспарлануда. Сондай-ақ, ет өндірісі 3,9 %-ға, сүт - 2,5%-ға, жұмыртқа өндірісі - 4,9 %-ға ұлғаяды», - деді Қанат Бозымбаев.



Үкімет қабылдаған Инфляция деңгейін төмендетудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар кешені аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұруға 5,7 млрд теңге бөлінді, оның 1,1 млрд теңгесі – тұрақтандыру қорына өнім сатып алуға, 4,6 млрд теңгесі айналымдық схема бойынша тұрақтандыру қорын құруға бағытталды.


Тұрақтандыру қорына 10 мың тонна азық-түлік сатып алынған, бүгінгі күнге қалғаны - 1,3 тоннаҚосымша 400 млн теңгеге 830 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдер сатып алу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 475 мың тонна азық-түлік қоры бар.


Айналымдық схема бойынша 4,1 млрд. теңгеге 21 шарт жасалды. Қазіргі уақытта 4,5 мың тонна өнім бар, форвардтық сатып алу бойынша 3,5 мың тонна көкөніс жеткізілетін болады. Қосымша 1,4 млрд. теңге жеңілдетілген қарыз беру жоспарлануда, Түркістан облысынан ерте пісетін көкөніс жеткізуге шарттар жасалуда.


Жалпы облыста өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бір триллион теңгеден асып, 331 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02