AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрок...

Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

Экономика Бүгін 10:33 38
Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды
Алматы облысы әкімдігі

Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Еңбекшіқазақ ауданында бой көтерген «QazEcoDan» заманауи кешені дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тазарту, кептіру және сақтау процесін іске асырады. Қазірдің өзінде кешенде 30 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар.

Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл астықты тиімді кептіруге және өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға мүмкіндік береді.

Заманауи кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов жаңа жобаның ауыл шаруашылығы мен аймақтың экспорттық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін ұлғайтуға және инвестиция тартуға басымдық беріп келеді. Бүгін ашылған кәсіпорын осы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған. Ауданның аграрлық саласын дамытуға үлес қосқан инвесторлар мен жұмысшыларға ризашылығымды білдіремін. Жоба ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Кешеннің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл астық тасымалын оңтайландырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақта кешенде өңделіп, сақталған дәнді дақылдарды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де елдерге экспорттау жоспарлануда.

Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты

Бүгін 11:28

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары 13 еседен астам көбейді

Бүгін 11:16

Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды

Бүгін 11:02

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келетіндердің саны еселеп өсті

Бүгін 10:21

Атом энергетикасының болашағы

Бүгін 10:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);