AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы музыка колледжінің оқытушысы «Славян базары...

Алматы музыка колледжінің оқытушысы «Славян базары» фестиваліне қатысады

Мәдениет 12.07.2022, 06:23 2,091
Алматы музыка колледжінің оқытушысы «Славян базары» фестиваліне қатысады
Сурет: Elorda.info

Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілі қатысады.


«Витебскідегі Славян базары» XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» эстрада әншілерінің халықаралық байқауында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.



«Дәстүрлі түрде әншілеріміз жоғары орындардан көрініп, осы беделді фестивальде елімізді абыроймен таныстырып келеді. Әрине, осынау толайым табыстар – әртістер мен олардың оқытушылары атқарған ауқымды жұмыстың дәлелі. Отандық вокал мектебі биылғы жылы да жоғары деңгейді көрсететініне сенімдімін», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ерік Төленовпен кездесу барысында.



Қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда, 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген – 2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанды.


Биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шөкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген «Витебск-2021» эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.


Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, «Славян базары-2021» байқауының Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының және «Шапағат» медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#славян базары #фестиваль #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);