AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа...

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

Әлеумет 30.03.2026, 14:55 577
Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы және Түркістан қалаларындағы әскери нысандар құрылысының барысын тексерді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тексеру барысында құрылыс жұмыстарының сапасына, мерзімдердің сақталуына және нысандардың заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Алматы қаласында Бас қолбасшы Түрксіб ауданында жедел мақсаттағы батальонды орналастыру жобасының жүзеге асуымен танысты. 2022 жылдан бері құрылыс жүріп жатқан нысанда қазіргі таңда ғимараттарды қосымша жабдықтау және пайдалануға беру алдындағы дайындық жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындады.

Кешен құрамына казарма, асхана, медициналық пункт, автопарктер, инженерлік және тылдық қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ кинологиялық қызметке арналған инфрақұрылым кіреді.

Сонымен қатар 5571 әскери бөлімінде медициналық блок пен бригада бөлімшелері орналасатын бес қабатты көпфункционалды ғимараттың құрылысы жалғасуда. Нысанның жалпы сыйымдылығы 400-ден астам әскери қызметшіні қамтиды.

Түркістан қаласында генерал-майор Аңсаған Балтабеков 10 гектар аумақта салынып жатқан Ұлттық ұланның әскери қалашығы құрылысының барысын тексерді. Қазіргі уақытта негізгі құрылымдарды тұрғызу және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар еліміздің Қызылорда, Жезқазған, Орал және Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалар құрылысы жалғасуда. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерінің жеке құрамына заманауи қызмет жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмысты айғақтайды.

Аталған жобаларды іске асыру заманауи әскери инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бөлімшелердің жедел әзірлігін арттыруға бағытталған.

Сапар қорытындысы бойынша Бас қолбасшы құрылыс сапасы мен қарқынын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, салынып жатқан нысандар заманауи стандарттарға толық сәйкес келіп, жеке құрамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);