Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы мен Шанхай: 2,7 млрд доллар көлеміндегі жоб...

Алматы мен Шанхай: 2,7 млрд доллар көлеміндегі жобаларға жол ашқан серіктестік

Әлем Бүгін 14:11 53
Алматы мен Шанхай: 2,7 млрд доллар көлеміндегі жобаларға жол ашқан серіктестік
Алматы әкімдігі

Алматыда қос мегаполис арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға бағытталған «Алматы – Шанхай» бизнес форумы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қос мегаполис арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға бағытталған «Алматы – Шанхай» бизнес форумы өтті.

Қытайдың іскер топтарының делегациясын Шанхай мэрі Гун Чжэн бастап келді.

Іс-шара мемлекеттік органдардың өкілдерін, бизнес қауымдастықты және сала мамандарының басын қосып, өзара әріптестіктің жаңа көкжиектерін айқындауға мүмкіндік берді.

Форум қатысушыларын қарсы алған Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бұл кездесудің тарихи мәніне тоқталып, оның екі қала арасындағы бауырластық қатынастардың жаңа белесін білдіретінін айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізіп отырған сындарлы саясаттың арқасында қазақ-қытай қатынасының «алтын дәуірі» басталды. Осындай кезеңде ірі шаһарлардың миссиясы рөлі арта түседі. Алматы еліміздің жалпы ішкі өнімнің бестен бір бөлігін қалыптастырып, шетелдік инвестицияның 40 пайыздан астамын тартады әрі қаржы секторының негізгі бөлігі осында шоғырланған. Ал Шанхай әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының бірі ретінде дамудың жоғары стандарттарын айқындап отыр. Сондықтан қос мегаполис арасындағы әріптестіктің әлеуеті зор», – деді Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды Алматының қытай инвестициясы үшін негізгі орталықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді. Бүгінде қалада қытай капиталы бар шамамен 6 мың компания жұмыс істейді, ал Қытаймен тауар айналымы 9,5 млрд доллардан асты.

Әкімнің айтуынша, индустриялық аймақтарды кеңейту және форум аясында жаңа келісімдерге қол қою өнеркәсіп пен жоғары технология саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар Алматыда толыққанды Almaty AI Park құру, деректерді өңдеу орталықтарының желісін дамыту көзделген. Туризм саласында да ірі бастамалар қолға алынбақ. Соның ішінде Алматы тау кластері жобасы Орталық Азиядағы жыл он екі ай жұмыс істейтін ең ірі туристік бағыттардың біріне айналып, халықаралық сапа, сервис және экологиялық талаптарға толық сай болмақ.

Бұған қоса, заманауи логистикалық хабтар, тарату орталықтары мен электронды сауда инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға кең мүмкіндік бар.

«Біз Шанхайдың аумақтарды кешенді дамыту мен заманауи көлік шешімдерін енгізудегі тәжірибесін зерделеп отырмыз. Алматы ірі жобаларды жүзеге асыруға шанхайлық құрылыс компанияларын, сәулет және инженерлік ұйымдарды тартуға мүдделі. Бұл сапар өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге көтереді», – деді Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде Шанхай мэрі Гун Чжэн Алматы мен Шанхайдың елдеріндегі ірі экономикалық орталықтар ретінде екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. 2025 жылы екі қала ресми түрде бауырлас атанып, тікелей әуе қатынасы жолға қойылды. Энергетика, технология және гуманитарлық алмасу салаларындағы байланыс жаңа қарқын алды.

«Шанхай Алматымен қаржы, машина жасау, логистика және «жасыл» энергетика салаларындағы ықпалдастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар қытайлық компаниялардың Қазақстан нарығына шығуына қолдау көрсетеміз. Инновация мен жоғары технология саласындағы әріптестікті де күшейтеміз, өйткені бұл – болашақ өсімнің негізгі қозғаушы күші. Біз Алматымен бірге жан-жақты ынтымақтастықты дамытып, ортақ өркендеудің жаңа белесіне шығуды мақсат етеміз», – деді Гун Чжэн.

Форумда B2B-платформаға баса назар аударылды. Ол іскерлік бағдарламаның негізгі бөлігіне айналып, компаниялар арасындағы тәжірибелік өзара іс-қимылға жол ашты.

Сессиялар аясында қазақстандық және қытайлық кәсіпорындар арасында тікелей келіссөздер өтті. Оған Bank of China (Shanghai Branch), ZPEC, Shanghai VOSTOSUN, Shanghai Kaiquan Pump, Shanghai Dianeng Electric, Yusheng Group, SAIC Motor, Shanghai Construction Group, ORG Technology, Xizi Elevator, YTO Express секілді ондаған компания, сондай-ақ медицина және фармацевтика саласының өкілдері қатысты.

Форум қорытындысы бойынша 2,7 млрд АҚШ долларынан асатын бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды меморандум мен келісімге қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Шанхай орнықты даму бағытындағы серіктестікті күшейтуде

Бүгін 15:25

Қытайдың ірі құрылыс компаниясы Алматыдағы жобаларға қатысу аясын кеңейтпек

Бүгін 15:16

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58

Қазақстанда көмір бағасы біртіндеп қымбаттайды

Бүгін 14:53

Алматы колледждері студенттері физика мен математикадан қалалық олимпиадада бақ сынады

Бүгін 14:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика