Алматы мен Сеул арасында бюджетті әуе рейсі ашылды

Алматы мен Сеул арасында бюджетті әуе рейсі ашылды  Сурет: 24.kz

Отандастарымыз үшін шетелдік әуе рейстерінің де бағасы қолжетімді болмақ.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында алғаш рет лоукостер яғни бюджеттік әуе компаниясының ұшақтары ұша бастады.  Алғашқы рейс  Оңтүстік Кореядағы басты әуежай Инчхоннан шығып Алматыға сәтті қонды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оңтүстік кореялық лоукостердің ұшақтары Инчхон мен Алматы арасында дүйсенбі және жұма күндері қатынайды.  Алғашқы жолаушыларды әуежайдан шығарып салуға әуе компаниясының президенті мен Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі келді.

 Нұрғали Арыстанов, ҚР Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазір екі елге аптасына орта есеппен 15 рейс жүзеге асырылады. Сіздер Алматыға тағы бірнеше рейс қостыңыздар. Бұл екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып жатқанын көрсетеді және туризм саласындағы алмасуды арттыруға септігін тигізеді. Саяхатшылар қарасы жыл сайын 12 пайызға өсіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 

Лоукостер рейсінің ерекшелігі - бортта бизнес-класс орындарының болмауы және тамақтың бөлек ақымен берілуі. Дегенмен, бұл алғашқы жолаушыларға кедергі бола қойған жоқ. Ұшақ сапарлаушыларға толы болды.

Александра Хван, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазір осы компаниямен ұшу екі есе арзан. Әсіресе жүксіз барып-қайту үшін өте тиімді. Бастысы тез әрі арзан. 

Евгения Цхай, кәсіпкер:

- Соңғы уақытта жанармай бағасы қатты өсті. Осыған байланысты әуе билеттері де қымбаттады. Ал үнемдегісі келетіндер үшін жаңа рейс өте тиімді. Билеттердің алдын ала сатылып кетуі, ұшақта бос орынның болмауы оған сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. 

Инчхон - Алматы бағытымен алғаш ұшқан жолаушылар арасында оңтүстіккореялықтар көп болды. Бұл компанияның өз сайтында Алматының көрікті жерлерін кеңінен жарнамалауының нәтижесі болуы мүмкін. 

Чой До Юн, Сеул қаласының тұрғыны:

- Париж немесе Нью-Йорк сияқты танымал бағыттардың орнына қазір трендке айналған елге баруды жөн көрдім. Қазақстанды Орталық Азияның «Швейцариясы» деп атайды. Сондықтан Алматыны таңдадым. Алғашқы күндері табиғатпен танысқым келеді. Көлсай көлдері мен Шарын шатқалына бару жоспарда бар. Содан кейін шаһардың өзіндегі Орталық мұражай сияқты нысандарды араламақпын.

 Осы жазда екі ел арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 20-дан асуы мүмкін. Лоукостер Оңтүстік Кореяның күнгейіндегі ең ірі қаласы - Пусанды Алматымен тікелей байланыстыратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:37

17:10

17:03

16:52

16:47

16:39

16:36

16:25

16:21

15:54

15:45

15:40

15:24

15:22

15:21

14:56

14:31

14:21

12:51

12:38

12:25

12:20

11:33

11:19

11:17