AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланы...

Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

Әлем 24.09.2026, 15:05 267
Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

23 қыркүйекте FlyArystan Алматы – Чунцин – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін іске қосты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Рейстер аптасына екі рет орындалады, ұшу уақыты шамамен бес сағат. FlyArystan осы бағытта рейс ашқан алғашқы қазақстандық әуе тасымалдаушысы болды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, Қытай Алматы үшін негізгі туристік нарықтардың бірі болып қала береді. 2025 жылы қалаға Қытайдан 136,4 мың турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,6%-ға көп. Келу туризмі бойынша Қытай Ресейден кейін екінші орынға шықты.

Қазіргі уақытта Алматыдан Бейжің, Шанхай, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Гуанчжоу, Инин, Чэнду және Санья қалаларына тікелей рейстер орындалады. Чунцинге жаңа бағыттың ашылуы Қытаймен тікелей әуе қатынасының географиясын одан әрі кеңейтті.

Қытайлық саяхатшылардың Алматыға деген қызығушылығы да артып келеді. Mastercard Tourism Insights мәліметтері бойынша бір жыл ішінде Қытайдан Алматыға әуе билеттерін іздеу сұраныстарының саны 30 миллионнан 56 миллионға дейін өскен.

Алматы қаласының Туризм басқармасында атап өткендей, жаңа бағыттың іске қосылуы туристер санын арттыруға, сондай-ақ Алматы мен Қытай қалалары арасындағы іскерлік және мәдени байланысты дамытуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рейс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);