Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Almaty Marathon-2025 әлемнің түкпір-түкпірінен мың...

Almaty Marathon-2025 әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушының басын қосты

Барлығы 28.09.2025, 10:37 825
Almaty Marathon-2025 әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушының басын қосты
Қайрат Қонысбаев

Биыл Almaty Marathon он төртінші рет өтіп жатыр. Тартысты додаға 60-тан аса елден келген 16 мың адам қатысып, бақ сынап жатыр. 

Қатысушылардың қауіпсіздігін полиция, дәрігерлер мен ұйымдастырушылар қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 13 медициналық пункт орнатылып, 12 жедел жәрдем көлігі, 10 велодәрігер және шамамен 90 медициналық ерікті кезекшілік атқарды. 

Кәсіби спортшылардан бастап, салауатты өмір салтын ұстанатын әуесқойлар өздерін сынап көру мақсатында және Қазақстандағы жүгіру қозғалысын дамытуға үлес қосу үшін 10-нан 42,2 километрге дейінгі қашыққа шықты. 

Таң атысымен қаланың орталық көшелерінде әдеттегіден өзгеше көрініс. Энергияға толы музыка, көңілді еріктілер мен қатысушылардың күлімсіреген жүздері мерекелік атмосфераны одан әрі жандандырды. Марафон тек спорттық жарыс қана емес, ол – бірлік, рух және салауатты болашаққа ұмтылудың символы. 

Алматыда өткен марафонға шетелден келген қатысушылар да бар.

«Мен Филиппиннен келдім және бүгінгі Алматыдағы марафонға қатысу мен үшін үлкен қуаныш болды. Бұл керемет тәжірибе! Барлық қатысушының жігері мен ынтасы мені қатты таңғалдырды. Марафон арқылы адамдардың спортқа деген сүйіспеншілігін және бір-біріне қолдау көрсететінін көріп, шабыт алдым. Осындай іс-шараларға қатысу арқылы денсаулыққа көңіл бөлу және жаңа достар табу мүмкіндігін жоғары бағалаймын. Алматы марафоны – шынымен ерекше, есте қаларлық оқиға, – деді филиппиндік ару Джона Флорридо. 

«Алатау Ақпарат» медиахолдингінің «Вечерний Алматы» газетінің журналисі Айгүл Колумбетова екінші рет 10 шақырым жүгіріп шықты. Ол холдингтің спорт жетістіктері қоржынына тағы да медаль қосып, марафонға қатысу оның дәстүрі мен шабыт көзіне айналғанын атап өтті.

«Мен үшін марафонға қатысу жай ғана спорт емес. Былтыр алғаш рет бағымды сынап көрдім, ал биыл қатарынан екінші рет мәреге шығып, тағы да медаль алып отырмын. Бұл мені алға ұмтылуға шабыттандырады және жігер береді».

Астана қаласынан келген Айдана Утениязова марафонға екінші рет қатысыпты.

«Екінші рет қатысқан байқауға бүкіл достарымды шақырдым. Дайындығым аз болса да, бойымдағы энергия мен толқуды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деді.

Скандинавиялық жаяу жүгіру қатысушыларының бірі Дина Карибаева салауатты өмір салтын ұстану керек екенін жеткізді.

«Скандинавиялық жаяу жүгіруге екінші рет қатысып отырмын. Бірінші рет өткен жылы болды. Салауатты өмір салтын ұстанамын, өзім дәрігермін. Almaty Marathon-ға досыммен бірге келдім», – деді.

Рамина САЙДАЛИМОВА, байқауға қатысушы: 

«Басты мақсатым – жеңіс емес, бір темпте жүгіріп, денсаулығымды жақсартуға күш салу. Бірақ медальді жеңіп алсам, бұл мен үшін зор жетістік болар еді», – деді. 

Трасса бойындағы көрерменнің қолдауы керемет болды. Жанкүйерлер жүгірушілерді жігерлендіріп, барлығына шабыт беретін атмосфера сыйлады.

Almaty Marathon – 2025 тағы да Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру алаңы екенін дәлелдеді. Ұйымдастырылу жұмыстары жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушы қауіпсіздік пен жайлылықты сезінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #Almaty Marathon
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика