AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мамандары жүрек жеткіліксіздігі бар пациент...

Алматы мамандары жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеудегі сабақтастықты күшейтіп жатыр

Барлығы 06.02.2026, 15:59 431 Дина
Алматы мамандары жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеудегі сабақтастықты күшейтіп жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Қалалық кардиология орталығында «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің заманауи стандарттары және стационарлық-амбулаториялық көмектің сабақтастығы» тақырыбында кардиологтар, терапевтер және жалпы практика дәрігерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға қатысушыларға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс кардиологы, Қалалық кардиология орталығы директорының орынбасары Аргүл Разбекова Алматыдағы қан айналымы жүйесі ауруларына қатысты өзекті статистикалық деректерді ұсынды. Кездесу барысында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) кабинеттерінің жұмысы, ТКА-орталықтарының қызметі, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсетуге қатысты негізгі ұйымдастырушылық және проблемалық мәселелер талқыланды.

Бөлек бөлім СЖЖ-ны емдеудің заманауи тәсілдеріне арналды: медикаментозды терапияның ерекшеліктері, квадротерапия принциптері және қолданыстағы халықаралық стандарттар қарастырылды. Сонымен қатар, мамандар хирургиялық емдеу әдістерін, оның ішінде орталықта соңғы екі жыл бойы сәтті қолданылып келе жатқан сол жақ қарыншаның жасанды құрылғысын (LVAD) имплантациялауды талқылады. Мұндай оталар бүгінде тек ұлттық орталықтарда ғана емес, қалалық деңгейде де орындалатыны атап өтілді. Орталықта жүрек трансплантациясымен қатар LVAD имплантациясы да жүргізіледі, ал барлық пациенттер тұрақты динамикалық бақылауда болады.

Кездесуге стационар дәрігерлері және ПМСП ұйымдарының мамандары қатысты.

«Пациенттерді маршрутизациялау, көмек деңгейлері арасындағы сабақтастық және мамандар арасындағы коммуникацияны жақсарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ СЖЖ бар пациенттерді қашықтан бақылауға арналған «Амандық» мобильді қосымшасы таныстырылды. Медициналық қызметкерлерге пациенттерді жүргізуге арналған тиісті модульге қолжетімділік берілді», — деп атап өтті Аргүл Разбекова.

Орталықта әр түрлі деңгейдегі мамандарды біріктіру, тәжірибе алмасу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға көмек көрсету жүйесін жетілдіру үшін ай сайын осындай дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #жүрек #дәрігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);