Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы колониясындағы балалар мерекеде ата-анасыме...

Алматы колониясындағы балалар мерекеде ата-анасымен кездесті

Әлеумет 01.06.2025, 15:12 1,034
Алматы колониясындағы балалар мерекеде ата-анасымен кездесті
Алматы қаласының ҚАЖ департаменті

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты  №11 мекемеде кәмелетке толмаған сотталғандар 1 маусым — Балаларды қорғау күнін асыға күтеді. Себебі дәл осы күні түзеу мекемесіндегі жасөспірімдер ата-анасымен, туған-туысымен кездеседі.

Биыл да жылдағы дәстүр бойынша мекеме қызметкерлері балалар мерекесінде “Ашық есік” күнін ұйымдастырды. Қылмыс жасаған балалар жазасын өтейтін колонияда қазіргі күні 70 бала бар. Соның ішінде аса ауыр қылмыс жасағандары – 31, ауыр қылмыс жасағандары – 39.

Ата-ана мен баланың қауышу мерекесін ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Азамат Аманжолов ізгі тілегімен ашты. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Қазбек Малдыбаев сөз сөйледі.

Әнші Ахан Еркебұлан балалар алдында өнер көрсетті. Қарасай ауданының “Дариға-ай, дәурен” ардагерлер ұйымының әжелер ансамблі концерттік бағдарлама ұсынды.

Балалар мерекесінде Алматыдағы “Қыстаубай Манас”, “Әскер ата” және “Әбу Бәкір” мешіттері өкілдерінің қолдаумен жазалы жасөпірімдер үшін мерекелік дастарқан жайылып, тәттілер де молынан ұсынылды.

Кәсіпкер Сман Бекарыс балаларға спортқа арналған аяқкиімдер сыйлады. Ал Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ардагерлер кеңесі жасөспірімдер игілігі үшін кір жуатын машина және шаш алатын құрылғылар тарту етті.

Мерекенің ең көңілді сәті, әрине, түзеу мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-ана, туыстарымен құшақ жая қауышуы болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ана #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі