конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы колониясында жазалы жасөспірімдер кітап оқу...

Алматы колониясында жазалы жасөспірімдер кітап оқудан жарысты

Әлеумет 05.12.2024, 10:16 1,113 Bakyt
Алматы колониясында жазалы жасөспірімдер кітап оқудан жарысты
Сурет: Kazgazeta.kz

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде “Шектеусіз оқу” жобасы аясында жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында “Кітап оқуға құштарлық” байқауы өтті.

Оған Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Нұрлыхан Жұмахан және Шарайна Құмарова қазылық етті. Сонымен қатар, мекемедегі жалпы білім беретін мектептің өкілдері, тіл мамандары А.Алиева мен Е.Бутенко қатысты.

Байқауға қатысқан он төрт жазалы жасөпірім өздері оқыған әр шығарманың мазмұнын, берер тәрбиесін, жастарға үлгі болар тұсын нақтылап жеткізе білді. Сондай-ақ, олардың жырды мәнерлеп, нақышына келтіріп орындауынан, қара сөзді беріле әсерлі әңгімелеуінен кітапты қызыға оқығандарын, сол арқылы көңілдеріне медеу, жандарына сая тапқандары сезілді.

Іс-шара барысында Абайдың, Бейімбет Майлинің, Бердібек Соқпақбаевтың және Асқар Сүлейменовтің, детектив шебері Агата Кристидің, орыстың атақты жазушыларының шығармаларымен қоса, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің шығармалары да тілге тиек болды.

Уақытын босқа өткізбей, көркем туынды оқуға бет бұрған жеткіншектердің еңбегі еленіп, сый-сыяпат және мекеме бастығы атынан мақтау қағаздар табыс етілді.

— Жасөспірімдердің кітап оқуға деген құштарлығы қуантады бізді. Кітап та тәрбие құралы. Аяғын жаза басып, сотты болған жастар ондағы кейіпкерлердің өмірінен, сөзінен үлгі алып, жақсылыққа ұмтылса, ой түйе білсе, біз үшін үлкен жетістік сол, — дейді мекеме бастығы әділет полковнигі Алмат Сүлейменов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жасөспірім #кітап #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Бүгін 11:08

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Бүгін 10:09

«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

Бүгін 09:24

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);