Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы қайта...

«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы қайта қаралмайды – әкімдік

Әлеумет 12.07.2022, 02:18 1,234
«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы қайта қаралмайды – әкімдік
Сурет: Ашық дереккөз

Өтінімдерді қатысушылар сайтта ЭЦҚ арқылы берді 


Алматы әкімдігі жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы әділетсіз өтті деген қатысушыларға жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 маусымда аяқталған «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 11 199 өтініш түскен, 9 526 өтінім конкурстан өтпеді. Оның ішінде 5042 үміткердің өтініші қабылданған жоқ. 



«Себебі, Қазақстан Республикасында немесе Алматы облысы, Алматы қаласында барлық отбасы мүшелерінің тұрғын үйінің болуы/болмауы туралы анықтамалар; балалардың туу, неке немесе ажырасу туралы куәліктерін сканерлеу; еңбек кітапшасының көшірмесі; жұмыс орнынан анықтама немесе зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмесін ұсынбаған»,- деп хабарлады әкімдіктен. 



Сонымен қатар, 3 845 өтініш жұмыс орны бағдарлама талаптарына сәйкес келмегендіктен, басымдыққа жатпады. Сондай-ақ, әкімдік өтініштер қалай қаралғанын айтты. «Басқарма құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін барлық берілген өтініш пен құжатты жүктеу жұмыстарын жүзеге асырады, содан кейін барлық құжаттың бағдарлама талаптарына сәйкестігі қолмен тексеріледі. Тізімге енгізу кезегі жинаған балл санымен, яғни санат бойынша ең көп балл санымен анықталады. Сайтта орналастырылған, бірақ қабылданбаған өтініштер тізімі дұрыс әрі өзекті. Орналастыру кезінде тізім басқа сфераларға қосылып кеткен, бірақ бұл нәтижеге әсер етпейді. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қатысушылар сайтта ЭЦҚ арқылы берді, барлық құжат жүктелді, осылайша, басқарма қызметкерлерінің құжаттарды жою мүмкіндігі болмады», деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматы қаласы әкімдігі қаралған өтініштердің нәтижесі негізделгендіктен, өтініштерді қайта қарау жүргізілмейтінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #бағдарлама #әкімдік #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі