AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау бас...

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Әлеумет 18.05.2022, 05:18 1,964
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Сурет: Tengrinews.kz

«Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдау басталады


Бағдарлама бойынша өтінімдер мен құжаттар 1 маусымға дейін almaty-zhastary.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Сайтта өтініштер мен құжаттарды қабылдау электронды цифрлы қолтаңба арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Автоматты балл қою үшін электронды калькулятор енгізілген. Жеке кабинет арқылы өтініштің барысымен танысуға болады. Құжаттарды қабылдау 1 маусымда сағат 23:59-да аяқталып, 20 жұмыс күні ішінде бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін әрбір санат бойынша жиналған ең жоғары ұпай санына сәйкес тізім жасалады.


Бағдарламаның бюджетіне 18 млрд теңге қарастырылып отыр. Ал несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 5, бастапқы жарнасы – 10 пайыз. Қатысушының жаңа салынған немесе қолданыстағы тұрғын үй нарығынан 45 күнтізбелік күн ішінде үй таңдау мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қамтылатындар саны 1 мыңға жуық.


Таңдалған тұрғын үйдің құжаттары тұрғын үй қарызын беру мүмкіндігін қарау үшін «Отбасы банк» АҚ-на ұсынылады. «Отбасы банк» АҚ мақұлдауын алғаннан кейін сатып алу-сату шартын және кепіл шартын рәсімдеу және тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш бере алатын азаматтар санатына Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемеде еңбек ететіндер, дәрігерлер мен мейірбикелер, педагогтар мен тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар, ЖОО оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары: журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық), өндірістік салада еңбек ететіндер кіреді.


Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы жастары #бағдарлама #өтініштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);