AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді...

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Әлеумет 03.06.2022, 05:27 1,336
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

«Алматы жастары» жеңілдікпен несиелендіру қалалық бағдарламасының алдын ала қорытындылары шығарылды. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында а 18 мамырдан 1 маусымға дейін жүргізілді. Өтініш беру кезеңінде қатысушылар құжаттарын өңдеп, толықтыра алды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Алматы жастары» бағдарламасына барлығы 11 199 өтініш түсті:


- денсаулық сақтау - 3096;


- білім беру – 3943;


- мәдениет – 453;


- спорт - 136;


- ЖОО мен ҒЗИ – 1208;


- әлеуметтік сала - 1384;


- БАҚ - 187;


- құқық қорғау органдары - 792.


2 маусымда барлық өтініштер мен құжаттарды қарау басталды. 20 жұмыс күні ішінде өтініштердің бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Осыдан кейін әр сала бойынша ең көп ұпай саны бойынша тізім жасалады:


- тіркелген некеде әр жыл үшін – 1 балл;


- 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл;


- осы санаттағы (саладағы) жұмыс өтілінің әр жылы үшін - 2 балл;


- ХӘОТ тиесілілігі үшін - 5 балл.


Ашықтық пен әділдік үшін резервке енгізілген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі сайтта жарияланады.


Іріктелген үміткерлер жеке кабинетінен «Отбасы банк» АҚ-ға жолдама беріледі. 15 жұмыс күні ішінде олар төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.


Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 күнтізбе ішінде бастапқы немесе  екінші нарықтағы тұрғын үйді таңдауы тиіс. Тұрғын үйге арналған құжаттар тұрғын үй заемын беру мүмкіндігін қарау үшін «Отбасы банк» АҚ-ға ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастары #Тұрғынүй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);