Алматы іргесінде инватакси жетіспейді

Алматы іргесінде инватакси жетіспейді Сурет: Gov.kz

Іле ауданында инватакси жетіспейді. Мүгедектігі бар 6500- ге жуық тұрғынға небәрі екі көлік қызмет көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар көбіне өз қаражатымен такси жалдауға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

І топтағы мүгедек Болат Шоқайбаев 30 жылдан астам қант диабетімен ауырады. Осыдан төрт жыл бұрын бір аяғын түгел кестіріп тастаған. Ай сайын жоспарлы түрде аудан орталығында ем қабылдауы тиіс. Ал сол межелеген жерге жету үшін такси шақырып, оны сағаттап күтуге мәжбүрмін, дейді.

"Грэске болсын, протез центр болсын, диабет орталық болсын, басқаға барамын соның бәріне жату үшін мен анализдерімді өткізуім керек. Бүкіл рентгенге түсіруім керек. Оның барлығы бір күнде болмайды. Ертеңіне барып нәтижемді алуым керек. Оған тағы да осындай көлік жалдаймын. Қанша рет осы өзімнің қарап жүрген дәрігеріме айтып едік, біз осы мәселені білмейміз деп солай жауап беріп қайтарған, - дейді тұрғын Болат Шоқайбаев. 

Үш баланың анасы Индира Дадееваның сүт кенжесі Кәусар туа бітті сал ауруының ауыр түріне шалдыққан. Апта сайын оңалту орталығына барып ем-дом қабылдайды. Перзенті арбаға таңылған соң, қоғамдық көлікке отыру қиын, - дейді.

"Қапшағайдың трассасына шығамыз, әрең жетеміз коляскамен, баламен. Ол жақтан күндер болған 8-де шығып, түстен кейін барған кездеріміз болған. Баламен, коляскамен 2-3 сағат тұрамыз. Әрбір адам ала бермейді. Сол жағынан қиналамыз. Таксидің көбісі алмай кетеді, кейбіреулері багажым бос емес деп, кейбіреулері тіпті тоқтамай кетеді", - дейді Кәусардың анасы Индира Дадеева. 

Қазір Іле ауданынының өзінде мүгедектігі бар 6500-ге жуық тұрғын бар. Оның ішінде, 650 адам бірінші топтағы мүгедек болса, 2500-і екінші топтағылар. Сондай-ақ, ауданда 1200-ге жуық отбасы ерекше бала бағып отыр. Осынша жанға екі инватаксидің жетпейтінін әкімдік өкілдері де мойындап отыр.

"Қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей әлеуметтік қызметтер порталы бар. Соған енгізу жоспарда. Оны енді облыстық, министрлік деңгейде шешіледі деп күтіп отырмыз", - Іле аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Дәулет Орманов.

Ал мүгедектігі бар тұрғындар күтуден әбден шаршадық дейді. Себебі, мемлекеттен алатын жәрдемақысы ем-дом, дәрі-дәрмегінен артылмайды. Егер инватакси көбейсе, қозғалысымыз жеңілдер еді деп үміттенеді. Дегенмен, такси тапшылығы қашан шешілері әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05