Алматы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды аяқтап қалды 

Алматы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды аяқтап қалды  Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай сумен жабдықтау, жылумен қамту, электрмен жабдықтау, газдандыру мен көше жарығына қатысты қолға алынған негізгі жобалар жайлы айтып берді.

Алматы суды алты жер мен жерасты су ұңғысынан алады. Қуаттылығы 1,3 млн м³ болғанымен, қала бір тәулікте  700 мың м³ су тұтынады. 2024 жылы соған байланысты 294,3 шақырымдық жаңа су құбыры тартылып, 51,5 шақырым ескі желі жаңғыртылған. Осылайша құбырдың тозу деңгейі 53,8%-дан 52,8%-ға дейін бәсеңдеп, орталықтанған сумен қамту да 99,6%-ға жетті.

2025 жылдың соңына дейін тағы 260 шақырым су желісін салу жоспарланып отыр, бұл қамтуды 99,9%-ға дейін арттырып, тозуды 52,2%-ға дейін азайтпақ. Сонымен қатар, тәулігіне 90 мың м³ қуаттылыққа ие «Ақсай», «Ерменсай» су ұңғымаларының құрылысы жүріп, «Барлық» жобаланып жатыр.

2025 жылдың соңына дейін 87 шақырым кәріз желісін қайта жаңғыртып, салуды жоспарлап отыр. Бұл желінің тозуын 51,2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Наурызбай ауданын толық қамтуды көздейтін Батыс кәріз коллекторының (34,9 км) құрылысы жалғасып жатыр.

1 399,9 шақырым жылу желісінің 56,1%-ы тозған. Биыл 61 нысанда 39 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылады, соның 24 шақырымында жұмыс бітті. Соның арқасында желінің тозу деңгейі 54,3%-ға дейін төмендемек.

Сонымен қатар, 17 қазандықты да жаңғырту жұмыстары қолға алынды, бұл олардың тозуын 65,1%-дан 62,1%-ға дейін азайтады.

  • Қалада 8,9 мың шақырым электр желісі бар, оның 64,5%-ы жаңартуды қажет етіп тұр. 2025 жылы 123 шақырым желі жаңғыртылады. Жаңа шағын аудандар (Кеңсай, «Кең жыра», «ИТП» АЭА және т.б.) электрмен қамтылып жатыр.  
  • Қаладағы газ желісінің ұзындығы – 6,3 мың шақырым, оның да 36% тозған. Биыл 31,7 шақырым желі жаңғыртылып, оның 21,1 шақырымы (67%) жасалып бітіпті. Сөйтіп, жеке сектордың 99,4% газбен қамтылған. 

ӨКҚ спикері шаһардағы сыртқы жарықтандыру жұмысы туралы да айтып өтті. Алматыда қазір шамамен 200 мың жарық нүктесі бар екен. 2024 жылы 40 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 шақырым желі қалпына келтірілген. Биыл да ол жұмысты жалғастырып жатыр:
•    15 мыңнан астам шам мен 5,6 мың торшер орнатылады,
•    жарықсыз қалған 1 189 жерге желі тартылады,
•    70 нысанға архитектуралық жарық беру жүргізіледі.

Сонымен қатар, 1 100 басқару шкафы ауыстырылып, 70 шақырым желі жаңғыртылып, соның арқасында 100%-ға жарықпен (қазіргісі – 90%) қамтылады.  

«Жұмысты жүйелі түрде кезең-кезеңімен, Мемлекет басшысы нұсқаған басымдықты ескере отырып жүргізіп жатырмыз», – деді Нұрбақыт Серікбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:23

15:02

14:57

14:28

14:07

13:47

13:04

12:50

12:16

11:16

10:53

10:21

09:22

09:20

22:11

17:20

16:34

15:42

15:25

14:28

13:31

12:32

12:22

12:09

12:00