Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы халқы Асанбай Асқаровты еске алды

Алматы халқы Асанбай Асқаровты еске алды

Әлеумет 30.11.2022, 16:02 858
Алматы халқы Асанбай Асқаровты еске алды
Сурет: Ашық дереккөз

Ұлт перзентінің мерейтойы Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті


Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың туғанына биыл - 100 жыл. Ұлт перзентінің мерейтойы Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында аталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Біліктілік пен зиялылық, тазалық пен адалдық және халқын шексіз сүю. Елі үшін аянбай еңбек еткен Асанбай Асқаров жақсы басшы болу үшін адамда осы үш қасиеттің болуы шарт деген. Даналығымен дараланған ол  жұмыста да осы қағиданы ұстанып, қызметкерлерінен осыны талап ететін. Алаш аманатының Асанбайы атанған тұлғаның мерейтойын Алматы қаласында атап өтілуі де бекер емес. Ол ел басқарған тұста ең ауқымды деген құрылыс мегаполисте салынған еді.



«Қазақстан қонақ үйі, Республика сарайы, Оқушылар сарайы, сонымен қатар, қазіргі стадион қайта жаңғыртылды. 1973 жылы Медеу мұз айдыны жаңғыртылды. Идеясы Қонаевтыкі, іске асырған осы Асанбай Асқаров болды», – деді жазушы Мұхтар Қазыбек.



Асанбай Асқаров тек саясат сахнасында ғана емес, әдебиет әлемінде де өзіндік қолтаңбасын қалдырып кетті. Өмірінің соңғы жылдары ол қарасөзге ден қойды. «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Көзқарас», «Ұлы Тұранның ұлдары» кітаптары бүгінге дейін жетіп, ұрпаққа аманат болып қалды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға арналған кеште жастар оның шығармаларынан үзінді оқыды.



«Асанбай ағаның керемет сөзі бар еді. Өмір дариясында әр адамның лайықты орны бар. Бүгін Асекең лайықты орнын тапты. Ол кісі алғыр, қандай мәселе болса да тура айтатын», – деді А. Асқаровтың замандасы Раушанбек Қырғызбай.



Ұлт жанашыры Асанбай Асқаров «Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыруға қатысты, ұлтшыл» деген айыппен 4 жылдан аса уақыт қамауда болды. Ол Мәскеудің Бутырка, Мотроская тишина секілді түрмелерінде ауыр азап шекті.



«Біз қай кезде болмасын, біреуді жамандаймыз. Сол кезде арыз жазып, бүкіл шаруасын жоққа шығарғысы келген азаматтар болды. Қазақта «Тау алыстаған сайын, биіктей береді» деген сөз бар. Уақыт өткен сайын, оның кім екені, орны біліп жатыр», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов.



1991 жылы Асанбай Асқаровқа тағылған айыптың мүлде негізсіз екені анықталып, ақталып шықты. Шымкент қаласында оның ескерткіші мен мұражайы бар. Өзінің адалдығымен, биік пайым-парасатымен ел есінде қалған қайраткерді халқы қашанда ұлықтай бермек. Қандай заман болса да, қанша уақыт өтсе де алыптар аласармайды. Олардың асқақ тұлғасы биіктей береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асанбай Асқаров #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Бүгін 13:38

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Бүгін 13:31

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі