Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы хайуанаттар бағында 3 870 жануар бар

Алматы хайуанаттар бағында 3 870 жануар бар

Әлеумет 14.06.2023, 06:09 1,056
Алматы хайуанаттар бағында 3 870 жануар бар
topgid.net

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хайуанаттар бағының дамуына арналған брифинг өтті. Хайуанаттар бағы директоры Сейілхан Ақылбековтың айтуынша, жыртқыш құстар коллекциясы ерекше мақтануға тұрарлық, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Сирек кездесетін құстардың қатарында: ақиық, тазқара, қарақұс, бүркіт, ителгі, дала қыраны бар. Олардың барлығы дерлік Қызыл кітапқа енгізілген және хайуанаттар бағының мамандары олардан үнемі төл алады.


 Сонымен қатар, хайуанаттар бағының коллекциясында үлкен құрлық төрттігі бар: азиялық піл, бегемот, Оңтүстік ақ мүйізтұмсық және Оңтүстік Африка жирафы.


Коллекциядағы барлық жануарлар жеті экспозициялық бөлімге бөлінеді: «Аквариум», «Экзотариум», «Приматтар», Жыртқыш құстар, Экзотикалық құстар, Тұяқтылар, Жыртқыш сүтқоректілер. Хайуанаттар бағында ветеринарлық бөлім, жем-шөп асханасы, виварий, құрылыс алаңы, автогараж орналасқан.


2025 жылға қарай жануарлар коллекциясын  400 түрге ( 4000 бас) дейін ұлғайту, ал 2030 жылға қарай 500 түрге (7000 бас) жеткізу жоспарлануда.



«Біздің міндетіміз - жануарлар жойылып кеткен немесе саны азайып кеткен жерлерге оларды босатуға дайындау. Әрине, біз хайуанаттар бағында туылған жануарларды алып, жабайы табиғатқа жібере алмаймыз. Хайуанаттар бағында жабайы жануарларды реинтродукциялау орталығын салу және жануарларды жабайы табиғатқа шығару әдістерін әзірлеу қажет. Бұдан әрі жануарларды босату  Зоология институтының зоолог ғалымдарының, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдерінің бақылауымен жүзеге асырылады», - деп бөлісті С.Ақылбеков.
     
Атап өтетіні, хайуанаттар бағының жалпы аумағы - 20,645 гектар


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #хайуанаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі