ffin.kz

Алматы ғалымдары ақынның қазақ және әлем мәдениетіндегі орны жайлы айтты

Алматы ғалымдары ақынның қазақ және әлем мәдениетіндегі орны жайлы айтты Өңірлік коммуникациялар қызметі

10 тамызда бүкіл ел бойынша қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай күні атап аталып өтеді. Атаулы күнге орай Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты профессорларының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы болып саналады. Абай феномені оның әмбебаптығында жатыр, ол тек көрнекті ақын ғана емес, сонымен қатар проза шебері болды, деп атап өтті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры, саяси ғылымдар кандидаты Төрегелді Тұяқбай.



«Бүгін еліміз үшін ерекше күн - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күні. Абай Құнанбаевтың тұлғасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемнің өмірінде маңызды орын алады. Бұл атаулы күн жыл сайын және әлемдік деңгейде атап өтілетініне сенімдімін. Бұған себептер де жоқ емес, өйткені шет елдерде Абай шығармашылығы мен мұрасын насихаттау жөніндегі жұмыс бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Сондай-ақ, еліміздегі көптеген мекемелер жыл сайын Абай күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыратынын атап өткен жөн. Атап айтқанда, Абай ғылыми-зерттеу институты халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отыр», - деді ол.



Абай күніне арналған іс-шаралар жыл сайын Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінде өтеді. Оның шығармалары жақын және алыс шетелдерде басылып шығарылып, әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ләйлә Мұсалы өз кезегінде 2020 жылы Қазақ халқының көрнекті ақыны мен ойшылының 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өтілгенін еске салды.




«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – рухани реформатор» атты және ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты екі мақала жазды. Абай идеяларының тұжырымдамасы бұрынғыдан да өзекті,әсіресе қазіргі заманда. Абайдың сөзі мен ілімі жас ұрпақтың санасына сіңіп, тәрбие жұмысында басшылық қағидатқа айналуға тиіс. Сонда ғана біз гуманист Абай армандаған рухани бай, толыққанды адамды тәрбиелей аламыз. Өскелең ұрпақ үшін данышпан тұлғаның құнды және бірегей мұрасын насихаттау бәріміз үшін ортақ міндет болып қала береді», - деп атап өтті ол.



Л. Жұмалы 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан ашылған Абай институты өз жұмысын дәл осы бағытта жүргізіп жатқанын атап өтті. Институт мамандары « Абайтану». Таңдаулы еңбектері» атты 50 томдық еңбекті дайындап,шығарды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай осы еңбек негізінде «Абайтану антологиясы» кітабы да жарық көрді. Сонымен қатар, ақын мұрасына арналған ғылыми-мәдени іс-шаралар өткізіледі. 


Институттан басқа, көптеген оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, қалалық кітапханаларда бұл күн кеңінен атап өтіледі. 


Естеріңізге сала кетейік, 10 тамыз - Абай күні Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне еніп, 2020 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58