Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Almaty Creative Францияда шығармашылық жобалар үші...

Almaty Creative Францияда шығармашылық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерді іске қоспақ

Әлеумет 06.11.2024, 10:17 960
Almaty Creative Францияда шығармашылық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерді іске қоспақ
gov.kz

Француз даму институтымен ынтымақтастық туралы меморандум креативті индустрияның 9 саласын қамтиды.

2024 жылғы 4 қарашада Парижде Мемлекет басшысының сапары кезінде Almaty Creative және француз даму институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік қазақстандық креативті сала өкілдеріне тәжірибе алмасу, оқыту және кәсіби байланыстарды кеңейту үшін платформа ұсына отырып, мәдени және шығармашылық индустрияларды дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық аудиовизуалды сектор және кино, орындаушылық өнер, музыка, дизайн, сәулет, қолөнер, цифрлық шығармашылық (бейне ойындар, иммерсивті тәжірибе), әдебиет және сән сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Меморандум шеңберінде қазақстандық мамандар үшін бірегей мүмкіндіктер беріліп, фестивальдар, көрмелер, шеберлік сыныптары, конференциялар, сондай-ақ резиденциялар мен кәсіби кездесулер ұйымдастырылады.

«Біз, шығармашылық мамандарымыз шабыт алып қана қоймай, дами алатын, өз жобаларын халықаралық деңгейде жүзеге асыратын және елдің экономикасы мен мәдени өміріне үлес қосатын жағдай жасауға тырысамыз. Француз институтымен ынтымақтастық - бұл Қазақстанның әлемдік креативті қоғамдастыққа интеграциялануындағы маңызды қадам», - деп атап өтті Almaty creative өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры Шолпан Махмудова.

Францияның даму институтының өкілі Мод Жиру (Maud Girout) айтып өткендей, меморандум сонымен қатар Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. 

«Біз қазақстандық мамандармен ынтымақтастықта мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға және креативті жобалар үшін жаңа перспективалар ашуға көмектесетін үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Біздің ортақ күш-жігеріміз тұрақты даму мен инклюзивтілікке бағытталған, ал бұл, өз кезегінде табысты және ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі болады», - деп атап өтті Жиру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Франция #Creative
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45

"Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған..."

Бүгін 13:07

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика