AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы бизнесмендеріне жаппай тәртіпсіздік кезінде...

Алматы бизнесмендеріне жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жағдайда не істеу керектігін айтты

Әлеумет 16.01.2022, 07:39 1,182 Almaty-akshamy
Алматы бизнесмендеріне жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жағдайда не істеу керектігін айтты
Cурет: sibur.ru

54 жедел-тергеу тобы құрылды


Мегаполисте террористік әрекеттер барысында кәсіпкерлерге келтірілген залалды анықтау жөніндегі қалалық комиссия жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Ибраимов атап өткендей, тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейін бұзақы әрекеттер мен бүлінген мүліктің іздерін тазаламау керек, ең алдымен полиция шақыру керек. Оның айтуынша, 54 жедел-тергеу тобы құрылды. Басқа өңірлерден 37 тергеуші мен 51 криминалист көмекке тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сауда орталықтарында – ОӘД, Москва және Променадта өтініштерді қабылдайды.



Ерғали Ибраимов бейнебақылау камераларынан, ресиверлерден, серверлерден және т.б. жазбаларды қатты дискіге немесе флеш-картаға қайта жазуды және осы жазбаларды құқық қорғау органдарының өкілдеріне беруді өте сұрайды.



«Егер кәсіпкер тергеушінің келуін күтпесе және тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсе, қаржылық құжаттардан басқа, келтірілген залалды өтеу туралы мәселені қарау үшін негіз болатын фото және видео мәліметтерін ұсыну қажет», - деді ол.



Полиция оқиға болған жерді тексергеннен кейін хаттамамен танысып, қажет болған жағдайда толықтырулар жасап, тергеушінің мәліметтерін, тіркеу нөмірін сұрап, тергеушіден жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы алу керек.



«Қаржылық құжаттардың расталған көшірмелерін, бүлінген немесе ұрланған мүліктің тізілімін тергеу органдарына ұсыну қажет. Бұдан басқа, полиция қызметкерлерінен алынған құжаттармен, сондай-ақ үй - жайға, жабдыққа, өнімге құқық белгілейтін құжаттармен (жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кіріс актілері және т.б.) аудандық әкімдіктегі тиісті комиссияға жүгіну қажет», - деп хабарлады Ибрагимов.



Жоғарыда көрсетілген құжаттары жоқ кәсіпкерлер үшін қазіргі уақытта залалды бағалау тетігі әзірленіп жатқаны атап өтілді.


Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін зақымдалған объектіде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қызметті қайта бастауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШОБ #бизнес #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);