Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

АЭС: Референдум Бүгін 16:59 33
Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жұмыс сапары жалғасып жатыр. Кезекті кездесу «Amanat» партиясының қалалық филиалында өтіп, оған Алматының бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Басқосуға Сенат депутаттары Жанна Асанова, Марат Қожаев және Нұрия Ниязова, сондай ақ Алматы қаласы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов қатысты.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдум мәселесі кеңінен талқыланды.

Сенаторлар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу аясын кеңейтуге және тұрақты құқықтық жүйе қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Олар бастаманың негізгі ережелеріне тоқталып, оның мазмұнын жан жақты түсіндірді.

Марат Қожаев өз сөзінде түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде ашық диалог форматында жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, әрбір азамат көкейіндегі сауалдарын қойып, өз пікірін білдіруге толық құқылы. Сенатор қоғам мен мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттерді бірлесіп талқылаудың маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов жаңа Конституция жобасын талқылау мен алдағы республикалық референдумның кәсіпкерлік орта үшін айрықша мәнге ие екенін жеткізді. Оның пікірінше, құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен мемлекетпен өзара іс қимылдың ашық тетіктері бизнестің өркендеуіне және қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Ашық пікір алмасу алаңы іскер қауымға өз ұстанымын білдіріп, нақты сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті мемлекеттік қолдау және заңнаманы жетілдіру мәселелері де сөз болды. Қатысушылар алдағы референдумға қолдау білдіріп, маңызды мемлекеттік бастамаларды талқылау үдерісіне белсенді қатысудың қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рефередендум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі