Алматының қоғам қайраткерлері референдумдағы халықтың шешімін қолдады
Алматының қоғам қайраткерлері дауыс берудің ұйымдастырылу деңгейі мен азаматтардың белсенділігін жоғары бағалады.
4 жаңалық
Алматының қоғам қайраткерлері дауыс берудің ұйымдастырылу деңгейі мен азаматтардың белсенділігін жоғары бағалады.
Алматыда «Жарық өткізгіш конструкциялар комбинаты» ЖШС-ның еңбек ұжымы ҚР Парламенті Сенаты депутаттары Жанна Асанова мен Марат Қожаевпен кездесті. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі өзгерістері түсіндіріліп, адам құқықтарын қорғау, әділеттілікті күшейту және мемлекеттің жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды. Еңбек ұжымы жобаны қолдап, алдағы республикалық референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Алматыда ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жұмыс сапары аясында «Amanat» партиясының қалалық филиалында бизнес қоғамдастығымен кездесу өтті. Жиында жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдум мәселелері талқыланып, депутаттар өзгерістердің мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың басқаруға қатысуын кеңейтуге және құқықтық жүйені тұрақтандыруға бағытталғанын түсіндірді. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес пен инвестициялық ахуалды дамытуға референдумның маңыздылығын атап өтті, қатысушылар ашық пікір алмасып, мемлекеттік бастамаларды қолдауға шақырылды.
Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мүзейі ұжымымен кездесу барысында референдумның маңызы түсіндірілді