Қызылорда облысы – жоба іске асырыла бастаған алғашқы өңір, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстан Халық Кеңесінің бастамасымен Қызылорда облысы Арал ауданында «Халыққа жақын» республикалық жобасы жұмысын бастады.
Ауқымды жобаның мақсаты – халықпен тұрақты әрі тікелей диалог орнату, соның ішінде ең шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді бір алаңда талқылап, нақты көмек ала алады.

Қызылорда облысы – жоба іске асырыла бастаған алғашқы өңір. Алдағы уақытта бұл тәжірибені бүкіл елге тарату жоспарланып отыр.
Алғашқы кезеңде Халық Кеңесінің мүшелері Марат Әзілханов, Геннадий Шиповских бастаған мобильді топ Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарын аралайды.