Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» қала көшелерінде т...

«АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» қала көшелерінде тазалық акциясы өтуде

Әлеумет 04.03.2025, 12:23 652
«АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»  қала көшелерінде тазалық акциясы өтуде
Қайрат Қонысбаев

«Алматы – біздің ортақ үйіміз». Алматылықтарды сүйікті қаламызды таза да жайлы етуге шақыратын науқан осылай аталады. Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына орай қалада көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 

Игі іске қала тазалығына жауапты мамандар, тазалаушы жұмыскерлер, сондай-ақ қала тазалығына немқұрайлы қарамайтын еріктілер де қатысуда. 

Бүгін тазалау жұмыстары «Абай даңғылы» мен «Наурызбай көшесінен» бастап «Тимирязев көшесіне» дейінгі аралықты қамтыды.

Акция 1 айға жоспарланған, сәуір айында да жалғасын таппақ. Науқанның басты мақсаты – көрікті таза қаланы бұдан да ұқыпты ұстау. 

Бұл жөнінде Бостандық ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Оразымбетов мәлімдеді.

– Біз 1-наурыздан бастап 375 көшенің тазалау жұмыстарына кешенді түрде кірістік. Айта кетерлігі, көше, арық бойын ғана тазалап қоймай, тұрғын үйлердің арасына дейін тазалап жүрміз. Аталмыш жұмыстарға 12-13 техника, 40-45 жұмыскер тартылған. Алда Instagram, Facebook парақшаларымызда жұртшылықты ерікті түрде өз қаламызды тазартуға сенбілікке шақыратын боламыз. Мұндай игі істер өз жалғасын табады, – деді ол.

Сонымен қатар «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жұмыскерлері де өздерінің күнделікті жұмыс барысы туралы айтып берді.

– Алматы қаласын тазалығына өз үлесімізді қосып жүрміз. Бұл біздің қалыптасқан шаруамыз. Өзімізге белгіленген көше бойы мен арықтар сағасын қоқыстан тазартамыз. Осылайша күннің ыстық суығына қарамай еңбек атқарылады, – деді тазалықшы Венера Бейсенова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Алматы – біздің ортақ үйіміз» #«Таза Қазақстан» #көше тазалығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика