Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мегаполисте жас жұ...

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мегаполисте жас жұбайлар аллеясы ашылды

Әлеумет 17.04.2024, 12:12 1,148
«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: мегаполисте жас жұбайлар аллеясы ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Құлагер шағын ауданы тұрғындарының сүйікті серуендеу орны – «Гүлдер» саябағында «Жас жұбайлар аллеясы» салтанатты түрде ашылды. Іс-шара «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны мен Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні аясында өтті. 


Бақыттан басы айналған жастар саябақта Мендельсонның шеруі аясында тіркелді, жас отбасыларға ақсақалдар бата берді. Жас жұбайлар аллеясының ашылуына арнайы шақырылған қазақстандық эстрада жұлдыздары мерекелік кештің көрігін қыздырды. 




«Күйеуім Юрий екеуміз 17 сәуірде кездестік, дәл осы күні тіркелдік. Туыстарымызбен некемізді тіркеуге келдік, біздің одақтың белгісі ретінде ағаш отырғызуды ұсынған кезде таң қалдық», - деді қуанышы қойнына сыймаған салтанатты шараға қатысушылардың бірі Татьяна Степанова. 



Алматыда 2023 жылы 16 мыңнан астам неке, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 4399 неке, ал 15 сәуірде «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні 92 неке тіркелген. 


Бұған қоса, мұнда «Гүлдер» саябағында жас жұбайлар мен іс-шараның басқа қатысушылары 30-ға жуық жапырақты қарағаш көшетін отырғызды. Барлық қажетті құрал-жабдықты (қолғап, күрек және көшет) Жетісу ауданының әкімдігі ұсынған. 



«Бүгін ерекше күн, некемізді тіркеу мұндай болады деп ешқашан ойлаған емеспіз. Керемет әсер алдық, айтулы күннің құрметіне ағаш отырғыздық. Отасқандарына 50 жыл болған ата-апамыз бізге бақыт тілеп, бата берді. Осындай мереке үшін рахмет, біз бұл күнді ешқашан ұмытпаймыз!», - деді күйеу жігіт Айдын Әбдірайымов.




Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика