Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы базарларында мал бағасы қанша теңге болып ж...

Алматы базарларында мал бағасы қанша теңге болып жатыр?

Әлеумет 09.07.2022, 11:04 2,361
Алматы базарларында мал бағасы қанша теңге болып жатыр?
Сурет: Baribar.kz

Бүгін Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс. Осыған байланысты жиналған жамағаттың Айт намазынан кейін бірқатары мал базарына қарай ағылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Алматыда биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Оның ішінде «Тау Самалы» базары бар. Мұнда мал алушы адамдар қатары өте көп. Онда қой бағасы 40 мың тегеден басталып, 170 мың теңгеге дейін барады. Қой сою бағасы – 1000-3000 мың теңге аралығында, бас сирақ ұйту – 1000 теңге, ішек-қарын тазалау 1000 теңге тұрады. Дегенмен малдың ішек-қарын алмай кетіп жатқандар өте көп.


Сондай-ақ, мұнда 7-8 айлық тоқтылар да бар. Олардың бағасы 40 мың теңгеден басталады. Дегенмен, Айт намазы кезінде Орталық мешіттің бас имамы қаңтар-ақпан айында туған қозылар құрбандық шалуға жарамайтынын айтқан болатын. 


Құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкіні союға болады. Құсты союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналатындықтан, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жасқа толғаны сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрбан айт #мал #құрбандық шалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 09:37

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика