AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өтеді

«Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өтеді

Хабарлама 05.05.2022, 08:31 3,986
«Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі өтеді
almaty-akshamy.kz

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында оңтүстік астанада Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырдан бастап «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі бастау алады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Фестивальдің мақсаты - балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.


Жалпы 300 мыңнан астам бала қамтылады.


Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылады, оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да қатысады:



  1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография)

  2. «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)

  3. «Бояулар құпиясы» (бейнелеу өнері)

  4. «Хакатон - IT Universe» (IT, дрондар және робототехника)

  5. «Өнерлі бала» (сәндік-қолданбалы өнер)

  6. «Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу)

  7. «Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта)


«Сенім», «Аяла», «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі, «Кеңес» оңалту орталығындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар үшін 5 бағыт бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады: «Аспаз» (аспаздық өнер), «Спорттық дода» (спорттық жарыстар), «Түстер әлемі» (бейнелеу өнері), «Шебер балақай» (сәндік-қолданбалы өнер), «Әсем табиғат» (мәдени шаралар). Барлығы 600 бала қамтылмақ.



Қалалық конкурстар 3 кезеңде өтеді: мектеп кезеңі – 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең – 16 мамырдан 24 мамырға дейін; қалалық кезең – 26 мамырдан 28 мамырға дейін.



1 маусымнан бастап қаланың барлық аудандарындағы 11 алаңда мультфильм кейіпкерлері, комикстер мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарлама өтеді. Алаңдарда танымдық ойындар, көрнекі спорттық іс-шаралар, шеберлік сыныптар, көрмелер және басқа да көптеген ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Мерекелік концерттік бағдарламаға дарынды балалар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Алғаш рет балалар мерекесі үшін арнайы жазылған фестиваль әнұраны шырқалады.


«Алматы БАЛАFEST» балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бойынша жазғы маусымның өзіндік бастамасы болады.


 Байланыс тел: +7 (727) 255-83-05, 87754191880.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);