AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 28.04.2026, 14:13 626
Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Алматы халықаралық әуежайының халықаралық ұшу аймағында алматылық суретші Әсем Сүлейменованың жеке көрмесі көпшілікке ұсынылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Көрме Art & Tourism Almaty жобасы аясында ұйымдастырылған. Жоба заманауи өнерді қаланың қоғамдық кеңістіктеріне енгізуге, Алматының мәдени имиджін ілгерілетуге және жергілікті авторларды қолдауға бағытталған.

Экспозицияда суретшінің түпнұсқа туындылары қойылған. Онда болмыс, табиғат және ұлттық бейне тақырыптары көрініс тапқан. Автор дәстүрлі мотивтерді заманауи көркем тіл арқылы жаңа қырынан ұсынады.

Көрменің әуежай аумағында өтуі шетелдік қонақтарға Қазақстанның қазіргі мәдениетімен танысуға мүмкіндік беріп, жергілікті өнердің қаланың маңызды кеңістіктеріндегі орнын кеңейтеді.

Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Әсем Сүлейменова — халықаралық Golden Time Talent (Ұлыбритания) байқауының лауреаты. Ол 2023 жылы жеңімпаз атанып, 2024 жылы Гран-при иегері болған.

Art & Tourism Almaty жобасы қаланың креативті индустрияларын дамыту аясында жүзеге асырылып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:33

Елдік рух асқақтаған күн: Алматыда Республика күні қалай тойланды?

Бүгін 11:27

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: өңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды

Бүгін 11:15

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Кеше 19:55

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Кеше 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);