конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әлемдік қолөнер қаласы болуға ұмтылады

Алматы әлемдік қолөнер қаласы болуға ұмтылады

Алматы Бүгін 12:06 43 yakiya
Алматы әлемдік қолөнер қаласы болуға ұмтылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматылық қолөнершілер палатасы» қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева осылай деді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қолөнер – мәдени мұраның ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмыс пен халықтың тарихи жадын сақтайтын маңызды құрал да. Алматыда қазір сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, зергерлер, суретшілер, керамистер, этнодизайнерлер, киіз бен ағаш шебері, сондай-ақ ұлттық музыкалық аспап жасайтын шеберлер еңбек етеді.

Соңғы жылдары Алматының қолөнершілер қауымдастығы жаңа даму кезеңіне қадам басты. Қалада Қазақстан мен шетелден келген шеберлердің басын қосатын халықаралық фестивальдер, көрме мен жәрмеңке үзбей өтеді.

Алматыға халықаралық World Craft City («Әлемдік қолөнер қаласы») мәртебесінің берілуі маңызды жетістіктің бірі болды. Бұл мәртебе халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, мәдени туризмді дамытып, өзіміздің қолөнер брендтерін әлемге танытуға жол ашып беріп отыр.

«Біздің шеберлеріміз ең басты жетістігіміз. Олардың таланты, еңбекқорлығы мен өз ісіне адалдығының арқасында қолөнер өнері өміршеңдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатыр», – дейді Дәмелі Жанашева.

Спикердің айтуынша, ерекше мақтаныш тудыратын жайттың бірі – Алматыдағы қолөнершілер палатасының құрамындағы шеберлердің қызметі. Солардың қатарында дәстүрлі әдіс пен замандық көркемдік көзқарасты ұштастыратын KClay Pottery Studio қыш шеберханасының негізін қалаушы, суретші-керамист Сергей Катунцев те бар.

Алматылық қолөнершілер палатасының мүшесі Есен Мұхтарұлы қолөнер дәстүрінің сабақтастығын сақтап жүрген осындай шеберлердің бірі. Ол ұлттық қолөнерді насихаттап, өз білімін жас ұрпаққа үйретіп, қалалық және халықаралық көрме жобаларына қалмай қатысып жүр.

Сонымен қатар Толяти Зады мен Алматының басқа да қолөнершілерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Солардың арқасында қала қазір Қазақстан мен Орталық Азиядағы қолөнердің жетекші орталығының бірі саналады.

Палата мүшелерінің арасында Асылбек Зейнішев пен Ботагөз Зейнішева негізін қалаған DARA Zerger зергерлік бренді де ерекше орын алады. Олардың шығармашылығы қазақ зергерлік өнерінің осы заманғы дизайнерлік шешіммен үйлесіп, ұлттық негізін сақтай отырып дами алатынына дәлел.

«Осындай шеберлер мәдени мұраны сақтаушылар ғана емес, сонымен қатар креативті индустриялардың дамуына серпін берушілер. Олардың таланты, еңбегі мен өз ісіне адалдығы Алматының Әлемдік қолөнер қаласы ретіндегі халықаралық беделін нығайтып жатыр», – деп атап өтті Дәмелі Жанашева.

Бүгінгі таңда қолөнершілер қауымдастығы алдында дәстүрлі қолөнерді сақтау мен кеңінен насихаттау, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау, шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту мен жастарды ұлттық мәдени мұраны зерделеуге тарту сияқты маңызды міндет тұрғанын айтты.

Жастармен жұмыс істеуге де көп көңіл бөлінген. Бұл бағытта шеберлік сабақтары, білім беру жобасы мен шығармашылық зертханалар ашылған. Спикердің айтуынша, жастардың дәстүрлі қолөнерді меңгеруі бірегей білім мен шеберліктің сақталып, келер ұрпаққа табысталуына мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қолөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

Бүгін 12:41

Алматылық қыш шебері көне технологиялардың осы заманғы өнерді дамытудағы рөлі туралы айтты

Бүгін 12:26

Үкімет рәміздер туралы жаңа ережелерді бекітті

Бүгін 11:05

Алматылық дәрігерлер науқасты салмағы 10 килограмнан асатын алып аналық без ісігінен құтқарды

Бүгін 10:14

ТЖМ ескертеді!

Бүгін 10:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);