Шаһар басшысы бұл туралы инстаграм парақшасына жазды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі бойынша кеңейтілген аппараттық кеңес өткіздім. Алматының табиғи және техногендік қауіп-қатерге дайындығын қарастырдық. Әсіресе, топырақ көшкіні мен сел қаупіне, сейсмикалық қауіпсіздікке және қалалық қызметтің төтенше жағдайға ден қою әзірлігіне ерекше назар аудардық.
Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында Алматы мен агломерация аумағында 70 ерте хабарлау станциясы орнатылған. Сондай-ақ, халықты қабылдайтын 384 пункт және шатыр жабдықтары сақталатын 150 мобильді қойма жұмыс істейді.
Сел қауіпсіздігі жайына да тоқталдық. Іле Алатауының биік таулы аймағына кешенді зерттеу жүргізіп, сел қаупі бар учаскелердің картасын әзірлеуді міндеттедім.
Кеңес соңында жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және қалалық қызметтің төтенше жағдайға дайындығын күшейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырдым.