Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматы әкімі мен Қытайдың Шандун провинциясы комму...

Алматы әкімі мен Қытайдың Шандун провинциясы коммунистік партиясының хатшысы серіктестік туралы келісті

Саясат 04.09.2023, 03:11 1,015
Алматы әкімі мен Қытайдың Шандун провинциясы коммунистік партиясының хатшысы серіктестік туралы келісті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі мен Қытайдың Шандун провинциясы коммунистік партиясының хатшысы серіктестік туралы келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Шаньдун провинциясы Қытай Коммунистік партиясы партия комитетінің хатшысы Линь У машина жасау, жаңа технологиялар, сауда, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


Линь У хабарлағандай, Шаньдун мен Алматының ортақ тұстары көп. 100 миллионнан астам халқы бар бұл Қытай провинциясы экономика көлемі бойынша үшінші орында және ҚХР-да айтарлықтай ықпалға ие. Былтыр ЖӨӨ 8,74 трлн юань немесе 1,3 трлн. доллар, бірінші жартыжылдықта ЖӨӨ 6,2% - ға өсті.



Шаньдунда автокөлік шиналары өндірісі жолға қойылған, жыл сайын 200 млн данадан астамы шығарылады. Өңдеуші өнеркәсіппен қатар соңғы жылдары инновациялық технологиялар саласы белсенді дамып келеді. Провинцияда ауыл шаруашылығы мен туризм де дамыған (700-ге жуық туристік аймақ және 7 ұлттық қорық бар). Линь У машина жасау, ауыл шаруашылығы, «Еуропа-Азия» бағытындағы контейнерлік пойыздарды қамтамасыз ету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, сонымен қатар, Шандун мен Алматы арасындағы жастардың тәжірибе алмасуына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.


Ерболат Досаев атап өткендей, Қазақстанды Қытаймен 1700 км-ден астам ортақ шекара, сонымен бірге, достық пен стратегиялық әріптестіктің сан ғасырлық тарихы байланыстырады. Тұрақты қарым-қатынастың арқасында Алматы қаласы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы биылғы 7 айда 18,5%-ға артып, 4,4 млрд. АҚШ долларына жетті. Бүгінде Алматыда Қытай капиталы тартылған 1,5 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді (Қазақстанда – 2 650). Былтыр Мемлекет басшысы қуаттылығы 90 мың Changan, Chery, Haval қытайлық брендтерін шығаратын зауыттың құрылысын бастады. Кәсіпорын 2025 жылы Алматының индустриалды аймағында ашылады. Осылайша, Алматыда автомобиль кластері құрылып келеді.


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған жаңа экономикалық саясаттың базалық бағыттарының ішінде өңдеуші өнеркәсіпке баса назар аударып, экономиканы терең әртараптандыру айқындалды. Осыған байланысты инвесторлар үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы тартымды болып отыр, онда инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар көзделген.


Бұған қоса, қала басшысы Алматыда туризмді дамытудың басымдығын атап өтті. Жыл басынан бері туристер саны 5 есеге өсті, ал Алматының ШЫҰ-ның мәдени астанасы болып жариялануына байланысты бұл көрсеткіш арта түседі, сондықтан қалада жаңа туристік өнімдерді әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту туралы келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Кеше 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Кеше 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Кеше 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика