Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймағын салу жұмыста...

Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймағын салу жұмыстарымен танысты

Әлеумет 11.11.2024, 16:44 771
Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймағын салу жұмыстарымен танысты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жайлы қалалық орта: Шұғыла шағын ауданында балалар және спорт алаңдары бар жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады
 
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында  және Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынған балалар және спорт алаңдары бар жаяу жүргіншілер аймағының құрылысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Наурызбай ауданының негізгі жобаларының бірі — Шұғыла шағын ауданының 10 мың тұрғыны үшін демалатын орынға айналатын жаяу жүргіншілер аймағын салу. 

«Біз бұл жобаны өзіміз ұсындық. Міне, бүгін біз оны жүзеге асырудың қалай жүріп жатқанын көреміз. Біздің үйлердің тұрғындары үшін бұл үлкен оқиға болады. Әр кеш сайын көңілді серуен құратын боламыз», - деп атап өтті осы ауданда тұратын әйел.

Қоғамдық кеңістікке ұзындығы 350 метрлік жаяу серуендеу алаңы, балалар ойнайтын, сонымен қатар, баскетбол, воркаут алаңдары және амфитеатр кіреді. Бүкіл аумақта көше жиһаздары мен шағын сәулет пішіндерін орналастыру, сондай-ақ автоматтандырылған суару жүйесін және көше жарықтандыру бағаналарын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта ағаштар, бұталар отырғызылды, газон жасалды. 

Абаттандыру жобасының іске асырылу барысымен танысқан Ерболат Досаев оны ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтауды, бар кемшіліктерді жоюды, жарықтандыру жүйесін қосуды тапсырды. 

Өз кезегінде шағын аудан тұрғындары әкімге ересектер мен балалардың демалуына қолайлы жағдайлар, жайлы жаяу серуендеу аймағы үшін алғыстарын білдірді. Олардың өтініші бойынша жаяу жүргіншілер аймағының бойында видеобақылау камералары орнатылады. 

Қала басшысы Алматыда жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғасатынын атап өтті. 

«Өкінішке орай, жеке саябақ аймағын жасауға мүмкіндігіміз жоқ қалада біз жаяу жүргіншілер аллеясының жобаларын қолданамыз. Қаланың барлық аудандарында осындай тартылыс аймақтары пайда болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл - күй сыйлау үшін оларды жаңа жылға безендіреміз», - деді Ерболат Досаев. 

Ағымдағы жылы Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халық қатысатын бюджет #балалар #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Бүгін 10:49

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика